Қазақстан құрамасының жұлдызды шабуылшысы шаңырақ көтерді

Қазақстан ұлттық құрамасы мен “Елімай” футбол клубының жұлдызды шабуылшысы Ғалымжан Кенжебек шаңырақ көтерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін футболшы әлеуметтік желідегі парақшасында “She said yes” деген жазумен сурет жариялап, жанкүйерлерінің қызығушылығын тудырған еді.
Енді оның таңдауы шырайлы шығыстың аруына түскені белгілі болды.
Фото: Спортшының жеке парақшасынан
Желі қолданушылары мен жанкүйерлер жас жұбайларға ақ тілектерін жаудырып жатыр.
"Найманка!", "Екі жасқа бақыт тілейміз!", "Шығыстың күйеу баласы болды ма?", "Уау, Ғалымжан, бақытты болыңыз!", "Жастар бақытты болсын!", "Шығысқа күйеу бала болып тұр ғой. “Елімайда” қалсын, бақытты болсын!", "Бақытқа толы ғұмыр кешіңдер", "Күйеу балаларыңды сыйлаңдар енді"– деген жылы лебіздер көптеп жазылуда.
Айта кетейік, Ғалымжан Кенжебек Лихтенштейнге қарсы өткен ойында екі гол соғып, дубль авторы атанған. Қазір футболшыға Еуропаның бірнеше клубы қызығушылық танытуда.
Шотландияның The Courier Sport басылымының хабарлауынша, "Данди" клубы 22 жастағы қазақстандық шабуылшыны өз қатарына қосуды көздейді. Себебі Кенжебек қаңтар айында еркін агент мәртебесіне ие болады. Сонымен қатар оған "Хартс", сондай-ақ Португалия, Чехия және Грекия клубтары да көз тігіп отыр.
2025 жылы Ғалымжан Кенжебек қазақстандық футболдағы болашағы жарқын жас ойыншылардың біріне айналды. Ол "Елімай" сапында 11 матч өткізіп, 6 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген. Ал ұлттық құрамада 9 ойында 3 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады

