Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасының Уэльс пен Бельгияға қарсы ойындарға құрамы жарияланды

Фото: KFF.kz

Футболдан Қазақстан құрамасының Уэльс пен Бельгияға қарсы матчтарына шақырылған ойыншылардың толық тізімі жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бас бапкер Әли Әлиев қыркүйек айындағы ойындарға мына футболшыларды шақырды:

Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен ("Астана"), Темірлан Анарбеков ("Қайрат"), Бекхан Шайзада ("Ордабасы").

Қорғаушылар: Әлібек Қасым ("Ақтөбе"), Ян Вороговский ("Астана"), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Наурызбек Жагоров ("Тобыл"), Еркін Тапалов ("Қайрат"), Сергей Малый, Ұлар Жаксыбаев, Сұлтанбек Астанов (бәрі – "Ордабасы").

Жартылай қорғаушылар: Ислам Чесноков ("Тобыл"), Бактиер Зайнутдинов ("Динамо Мәскеу", Ресей), Рамазан Оразов, Алмас Төлібай, Ғалымжан Кенжебек (бәрі – "Елімай"), Дәурен Жұмат, Серікжан Мужиков (екеуі де – "Оқжетпес"), Дінмұхамед Қараман ("Жеңіс"), Бағдат Қайыров ("Ақтөбе"), Дамир Қасабулат ("Қайрат").

Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев ("Ақтөбе"), Максим Самородов ("Ахмат", Ресей), Дастан Сатпаев ("Қайрат"), Иван Свиридов ("Елімай").

Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 29 тамызда Астанада басталады.

Қазақстан құрамасы қыркүйек айында екі ресми кездесу өткізеді. 4 қыркүйекте Астанада Уэльсті қабылдаса, 7 қыркүйекте сырт алаңда Бельгияға қарсы ойнайды. Бұл ойындар 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтеді.

Уэльске қарсы матч "Астана Аренада" Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады.

Абылайхан Палмағанбет
Дүйсенбі, 25 Тамыз, 2025 17:31
Талқылау