Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан Париж олимпиадасының төрт жолдамасына ие болды
Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан Париж олимпиадасының төрт жолдамасын иеленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Getty Images
Қазақстан құрамасының қоржынына тағы да Париж олимпиадасының төрт жолдамасы түсті. Қазақстандық жеңіл атлеттер әлемдік рейтингтегі жағдайларына байланысты Парижде өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды. Ольга Сафронова 200 метрге жүгіруден бақ сынаса, Елизавета Матвеева мен Надежда Дубовицкая биікке секіруден сынға түседі. Сондай-ақ 3000 метрге кедергілерден өту арқылы жүгіру сайысында Дэйзи Джепкемей өнер көрсетеді. Дегенмен спортшыларға ресми жолдамалар 7 шілде күні табысталады.
Айта кетейік, бұған дейін марафоншы Жанна Мамажанова мен Нора Джеруто олимпиада ойындарының лицензиясын иеленгені туралы жазған едік.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі

