Қазақстан құрамасы бокстан әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне жетті

Бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатының алғашқы айналымында Сағындық Тоғамбай жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ливерпульде бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионатының алғашқы жарыс күні аяқталды.
Қазақстан құрамасының атынан 90 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Сағындық Тоғамбай жергілікті боксшы Исаак Окодан айласын асырып, 3:2 есебімен жеңісті жолын бастады. Алғашқы раундта төрешілер ағылшын спортшысына басымдық бергенімен, қазақстандық боксшы қарқынын үдетіп, шешуші раундтарда қарсыласынан басым түсті.
Енді Тоғамбай 8 қыркүйек күні ирландиялық Джек Марлеймен күш сынасады.
Сондай-ақ 54 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан намысын қорғаған Элина Базарова алғашқы жекпе-жегінде өзбекстандық Нигина Уктамоваға 0:5 есебімен жол берді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

