Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда коронавируспен күреске бөлінген 727,5 миллион доллар қайда кетті?

2020 жылы Републикалық бюджеттен эпидемияға қарсы шараларға 326 миллиард теңге көлеміндегі қаражат бөлінген. Ол шамамен 727,5 миллион долларды құрайды. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Алихан Смаилов айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Forbes.kz басылымына сілтеме жасап. 

теңге

Көктемгі нақтылау мен реттеу барысында республикалық бюджеттен 2020 жылы 145 миллиард теңге немесе 337 миллион доллар көлемінде қаржы бөлінген. 

"Сонымен қатар, денсаулық сақтау министрлігің аймақтық бөлімшелеріне қажетті медициналық құралдарды, жеке қорғанысқа қажетті заттарды, дәрі-дәрмек пен 500 ИВЛ құрылғыларын алу үшін мақсатты трансферттердің көмегімен 19,1 миллиард теңге қаражат жіберілген", - деп атап өтті Смаилов.

Бюджеттен коронавирус пандемиясына байланысты бөлінген қаражат қайда кетті? Төмендегі инфографикадан көре аласыздар:

график

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі арқылы тұрмыстық өнімдерді ұсыну мақсатында 30,8 миллиард теңге 71,5 миллион доллар көлемінде қаражат бөлінген.

"Бұл көмекті атаулық әлеуметтік көмек алатын 6-18 жас аралығындағы баласы бар, 1-3 топтағы мүгедек баласы бар, мүгедек балаға қамқорлық жасап отырған және ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген ата-аналар алды", - дейді Смаилов.

Индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрлігі 27,6 миллиард теңге немесе 64,1 миллон доллар көлеміндегі қаражатты 3105 ИВЛ аппаратын өндіру және ауруханаларды қамтамасыз ету үшін бөлген.

Сонымен қатар, кейбір мемлекеттік органдардың қаражатынан 8,5 миллиард теңгеге жуық қаражат медициналық қолғап, маска, дезинфекциялық құралдар, тепловизорлар, дәрілік препараттар, дәрігерлерге арналған медициналық құралдар алуға бөлінген. 

Ішкі істер министрлігнің тарапынан 8,1 миллиард теңге, яғни, 18,8 миллион доллар бөлінді.

"Қаражат эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқан ішкі істер органдарының қызметкерлері мен медициналық қызметкерлерге, Ұлттық ұлан мен Қарулы Күштердің әскери қызметшілеріне қызметтік жалақы мөлшерінде үстемақы төлеуге жұмсалды", - дейді ол.

Әділет министрлігі сот-медициналық сараптама қызметінің үздіксіз жұмысын ұйымдастыру үшін 5,6 миллиард теңге немесе 13 миллион доллар бөлді.

Цифрлық даму министрлігі арқылы карантин кезеңінде байланыс қызметтері мен ведомствоаралық ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуі үшін 4,1 миллиард теңге немесе 9,5 миллион доллар қаражат берілді.

Қорғаныс министрлігі арқылы азық-түлік пен арнайы мүлік сатып алуға, шатырлы қалашықты жабдықтауға және өткізу пункттеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 1,3 миллиард теңге немесе 3 миллион доллардан астам қаражат бөлінді.

"Білім және ғылым министрлігі арқылы қашықтықтан оқытуға көшуді ұйымдастыруға 848 миллион теңге, ал әлеуметтік жағынан әлсіз отбасылардың балаларына компьютерлік жабдықтар сатып алуға 70,2 миллиард теңге бөлінді", - деді премьер-министрдің орынбасары. 

Жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуге және Жамбыл облысында биофармацевтикалық зауыт құрылысын бастауға 686 миллион теңге немесе 1,5 миллион доллар бөлінді.

"Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі арқылы 200 миллион теңге тұрғындарға коронавируспен күресу шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталды", - деді Смайлов.


Талқылау