Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық бизнес карантиннің қайта күшеюіне төтеп бере алмайды

Қазақстандық бизнес коронавирустың жаңа толқыны кезінде күтілетін карантиннің қайта күшеюіне төтеп бере алмауы мүмкін. "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бағалауы бойынша, қазірдің өзінде қызмет көрсету саласындағы 800 мыңнан астам бизнесмен қатты зардап шеккен, ал олардың 10%-ы банкроттық шегінде тұр.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық бизнес жарты жылға жуық уақытқа созылған қатаң карантиннен кейін енді ғана қалыпқа келіп жатыр.  "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, осы уақыт ішінде 70 мыңнан астам кәсіпкерлік орны банкроттығын жариялауға дайындала бастаған. 

Орташа бизнес өкілдерінің айтуынша, күшейтілген шектеу шаралары кезінде табыс 4 есе азайған. Бұл ретте кәсіпкерлер қалыптасқан жағдайды өздері шешуі керек, өйткені мемлекеттің көмегіне бәрі бірдей ие бола бермейді.

"Шағын және орта кәсіпкерлік бұл жағдайда проблемамен бетпе-бет өзі қалады, әсіресе карантин кезінде. Осы жағдайда, мемлекеттен гөрі, жергілікті билік орындарының, мысалы, әкімдік пен кәсіпкерлер палатасының бизнеске ақпараттың жетуі үшін байланыс арналарын құруы маңызды", - деді кәсіпкер Санжар Боқаев.

Бүгінгі таңда бизнес өкілдері үшін қарызды 1 қазанға дейін бөліп төлеу, банктік қарыз мөлшерлемесін азайту және бірқатар салық түрлерінен босату секілді жеңілдіктер бар. Бірақ тағы бір карантин кезінде аталған жеңілдіктерді қайта пайдалану кәсіпті сақтап қалуға көмектеспеуі мүмкін, себебі жиналған ақшаның бәрі жұмсалған.

"Тиімді шаралар қабылданады. Алдымен АҚШ, одан кейін Ресей қолданған тәжірибе, ол бойынша 0-2 пайызбен бизнеске бір, бір жарым жылға кредит беруі мүмкін. Бірақ, егер кәсіп бір орында тұрып қалса немесе штатта тек 35 пайыз адам болса, онда ол шығынды өтей алмайды", - деді "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасы Абылай Мырзахметов.

Егер несие алғаннан кейін бизнес ісін жалғастырып, штаттың 80-90 пайызын сақтап қалған болса, бірақ шектеулерге байланысты табыс болмаса, мерзімі өткен кредит сомасы алынып тасталуы керек. 

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының пікірінше, осы ұсыныс - ең тиімді. Сонымен қатар, оның пікірінше әлеуметтік төлем - 42 500 теңгеден көп болуы көрек. Дегенмен, бұл ұсыныстардың бәрі тек кеңес болып қалуы мүмкін, өйткені бәрі мемлекет бюджетіне байланысты.

Талқылау