Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан халқы 1,3%-ға өсті

Қазақстан халқы 2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 18767,5 мың адамды құрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ІІМ cтатистика комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан тұрғындарының саны бір миллионға жуық адамға азаюы мүмкін

Оның ішінде қалалықтар - 11049,0 мың адам (58,9%), ауылдықтар - 7718,5 мың адам (41,1%)

2019 жылдың 1 тамызымен салыстырғанда халық саны 238,6 мың адамға немесе 1,3% өсті.

Қарастырылып отырған кезеңде ең үлкен жалпы өсім елдің үш облысында байқалды: Алматы қаласында (64,2 мың адам), Нұр-Сұлтан қаласында (52,0 мың адам) және Шымкент қаласында (30,6 мың адам).


Талқылау