Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстан футболдан келісілген матчтар бойынша әлемде 4-орында": Депутат футболға кеткен ақшаны тексеруді сұрады

футболФото: КФФ

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Бас прокурор Берік Асыловтан алдын ала келісілген футбол матчтарын тексеруді сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Халықаралық Sportradar компаниясының деректері бойынша 2022 жылы бойынша Қазақстан әлемде келісілген матчтар саны бойынша төртінші орынға шыққан. Бұл елімізде әділетсіз футбол ойындарының заңсыз таралғанын және әлем бойынша мойындалғанын көрсетеді.Аталған жағдай спорт өкілдері мен заң шығарушы билік өкілдерінің алаңдаушылығын тудыруда. Қазақстанның футбол федерациясының президенті Марат Омаров мәселенің барын толық мойындағанымен, оны жүйелі шешуге нақты шаралар қабылданбаған. Қоғамдық ұйымдар мен БАҚ бухмекерлік кеңселердің көптеген матчтарды желіден алып тастағанын тіркеп отыр”, -деді депутат.

Айтуынша, халықаралық тәжірибеде бұндай құбылыстың салдары айқын көрсетіледі. Мәселен, Германияда 2005 жылы төреші Роверт Хойзер келісілген матчтар үшін 2 жыл 5 айға сотталды. Оңтүстік Кореяда 2011 жылы 57 ойыншы айыпталып, басым бөлігі сотталды. Қытайда футбол федерациясы лауазымды басшылары мен халықаралық төрешілердің өздері 5-10 жылға сотталды. Халықаралық тәжірибеде осындай жағдайлар көп.

“Бұл мемлекет пен жанкүйерлерді алдау ғана емес, осы матчтарға бәс тігетін мыңдаған азаматтарға қарсы жасалатын қаржылық алаяқтықтың бір түрі. Сонымен қатар бұл мәселе футбол, спорт саласымен шектелмейді. Мемлекеттік емес секторда көлемі миллиондаған, миллиардтаған қаржылық махинациялар болып жатыр. Осыған байланысты құқық қорғау органдарын тарта отырып, футболдағы келісілген матчтарды жан-жақты тергуді ұйымдастыруды сұраймын", - деді ол.
.

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 03 Қыркүйек, 2025 17:38
Талқылау