Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан футбол федерациясы жанкүйерлердің мәдениетсіздігі үшін 11 мың еуродан астам айыппұл төлейді

Қазақстан футбол федерациясы жанкүйерлердің жасаған бейәдеп әрекеттері үшін УЕФА-ға 11 625 еуро көлемінде айыппұл төлейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап. 

УЕФА Ұлттар Лигасының Словакия құрамасына қарсы матчында Қазақстан құрамасының жанкүйерлері ҚФФ-ның қоғамдық тәртіп пен жарыс регламентін сақтау туралы көптеген үндеулері мен өтініштеріне қарамастан, футбол алаңына мінбеден бөгде заттар лақтырған.

Бұл фактіні матчтың делегаты тіркеді. Кейін УЕФА бақылау-тәртіптік және этикалық инстанциясы федерацияға 11 625 еуро көлемінде айыппұл салу туралы шешім қабылдады.



Қазақстан футбол федерациясы стадионның трибуналарында қатысушыларды, матч ұйымдастырушыларын және басқа да көрермендерді мәдениеттілікті сақтап, ойыншыларға құрмет танытуға шақырады.

Маусым бойынша бұл федерацияға ескерту берілген екінші жағдай. Жанкүйерлердің мұндай әрекеттері қайталана берсе, УЕФА одан да қатаң шара қолданып, матчты жанкүйерсіз өткізуге дейін баруы мүмкін.

 

Талқылау