Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан енді Қытайға шошқа етін экспорттайды

Қазақстан-Қытай

Фото: Ауыл шаруашылық министрлігі

Шанхайда еліміздің ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай Халық Республикасының бас кеден басқармасы Қазақстаннан Қытайға экспортталатын шошқа етіне қойылатын инспекция, карантин және қауіпсіздік талаптарын реттейтін хаттамаға қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұған дейін Қазақстанның шошқа еті Қытай нарығына жеткізілмеген, және бірде-бір қазақстандық кәсіпорын ҚХР-ға шошқа етін экспорттауға рұқсат алмаған еді. Енді Қытайға шошқа еті жеткізіледі. 

Хаттама бойынша тек мұздатылған және салқындатылған ет емес, сонымен қатар субөнімдер мен термиялық өңделген өнімдер де қамтылады. Құжатқа қол қою екіжақты сауда қатынастарын дамытудың жаңа белесін ашып, Қазақстанның шошқа шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібін нығайтуға ықпал етпек.


"Сиыр етінің келісі 6000 теңгеге жетті": Қазақстанда ет бағасының өсуіне не себеп болды


"Бұл хаттама — Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық және сауда байланыстарын дамыту, сондай-ақ қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін халықаралық нарықтарда кеңінен таныту жолындағы маңызды қадам", –  деді ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.

Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР бас кеден басқармасы өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес ету мақсатында ынтымақтасты. Инспекция және карантин мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 16 Қазан, 2025 17:26
Талқылау