Қазақстан бокстан әлем кубогінің соңғы кезеңінде небәрі бір ғана алтын жүлдені місе тұтты
Фото:Boxingkazakhstan
Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан жылдың соңғы әлем кубогінің кезеңі өтті. Байрақты бәсекеде Қазақстандық боксшылар бір ғана алтын жүлдені місе тұтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол алтын жүлдені 85 келіде бақ сынаған Сұлтанбек Айбарұлы жеңіп алды. Отандасымыз ақтық сында өзбекстандық Жасурбек Юлдошевті 4:1 есебімен тас-талқан қылып жеңіп, тұғыр биігінің ең биік сатысына көтерілді.
World Boxing ұйымдастырумен өткен бұл додада еліміздің атынан 13 боксшы қатысты. Негізі Сұлтанбектен өзге Нұрбек Мұрсал да 70 келінің финалына шыққан еді. Алайда Нұрбек Мұрсал шешуші сында жергілікті боксшыға жол берді. Нәтижесінде күміс медаль еншіледі.
Бұдан өзге ерлер құрамасынан 80 келіде Санжарәлі Бегалиев пен Даниял Сапарбай 90 кг қола жүлдеге қол жеткізді.
Ал қыздардан Жансая Рахымберді 51 кг, Ұлжан Сәрсенбек 57 кг, Диана Мағауияева 80 кг және Әсел Тоқтасындар да қоланы қанағат етті. Осылайша ұлттық құрама жалпы 8 жүлдеге ие болды.
Айта кетейік, бұл бәсекеге құраманың бірінші және екінші нөмерлі боксшылары қатысқан жоқ.
"Әсіресе аяғы ауыр әйелдер мен балаларға өте қауіпті": "Гонконг" тұмауын кәдімгі тұмаудан қалай ажыратуға болады

