Қазақстан бокстан әлем кубогының алғашқы күнінде-ақ шығып қалды
Фото: Stan.kz
Қазақстанның бокс құрамасы Варшавада (Польша) өтіп жатқан Феликс Штамм атындағы әлем кубогында алғашқы күні-ақ жарысты аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Байрақты бәсеке – World Boxing ұйымының қолдауымен өтетін беделді халықаралық жарыс.
Қазақстан атынан жарысқа тек әйелдер арасында 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ақнар Ишанова қатысты. 1/8 финалдық кезеңінде ол хорватиялық тәжірибелі спортшы — Еуропаның екі дүркін чемпионы және кикбоксингтен әлемнің үш дүркін чемпионы Мариела Стекомен жұдырықтасты. Кездесу 1:4 есебімен төрешілердің бөлінген шешімі бойынша қарсыласының пайдасына шешілді.
Осылайша, Ақнар Ишанова әлем кубогындағы жорығын мерзімінен бұрын аяқтап, жүлдеге ие бола алмады. Қазақстан құрамасы бұл турнирде медальсыз қалды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

