Қазақстан билігі «Yandex Go» сервисін бірнеше сағатқа бұғаттады
Қазақстандықтардың деректері мен ақпараттық-бағдарламалық кешендерін республика аумағынан тыс жерде сақтағаны үшін "Яндекс" доменінің жұмысы тоқтатылды. Осы жайтқа қатысты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
фото: ашық дереккөз
Министрлік "Яндекс" ААҚ-ға компания пайдаланатын деректерді өңдеу орталықтарының орналасқан жері және ҚР азаматтарының дербес деректерін қорғау шаралары, сондай-ақ "Яндекстің" құқық қорғау және арнайы органдармен өзара іс-қимыл жасау қағидаттары туралы толық ақпарат беруді талап ете отырып, сауал жолданғанын да нақтылайды.
Ал Яндекстің баспасөз қызметі компанияның доменге қолжетімділікті қалпына келтіре алғанын мәлімдеді. Сондай-ақ компания Қазақстан заңнамасының талаптары аясында "қажетті шешімдерді әзірлеу" үшін қазақстандық құзырлы органдармен диалогты жалғастырып жатқанын айтты.
Кейінірек елдегі ең ірі хостинг-провайдерлердің бірінің басшысы Денис Сухачев yandex.kz сервисінің бұғаттауы жойылғанын мәлімдеді.
Meduza-ның хабарлауынша, "Яндекс Go" такси қызметінің және оның шетелдік әріптесі Yango-ның барлық деректері қазір Мәскеу, Рязань және Владимир облыстарындағы ресейлік деректер орталықтарында сақталған. Бірақ Украинада соғыс басталғанға дейін Yango-ның кейбір деректері Финляндия мен Норвегияның қалаларының біріндегі деректер орталығында сақталып келген.
Аталған ақпарат тарағаннан кейін Финляндия мен Норвегия "Яндекс" шетелдік такси қызметі клиенттерінің деректерін Ресейге жіберуге тыйым салды, ал Грузияның жеке деректерді қорғау қызметі қызметті тексеруді бастады.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
