Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан баспасөз бостандығы рейтингінде Африка елдерінен де төменгі орында тұр

"Шекарасыз репортерлер" халықаралық үкіметтік емес ұйымы жыл сайын шығаратын баспасөз бостандығы рейтингінде Қазақстан сегіз орын төмен түсіп қалған. Егер 2023 жылы 180 елдің ішінде 134-орынды иеленсе, 2024 жылы 142-орында тұр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Баспасөз бостандығы рейтингінде Қазақстан Эфиопия мен Ливия ортасында тұр. Руанда, Сомали және Гондурас сияқты мемлекеттерден сәл жоғары. Алайда еліміз Африканың бірқатар елдерінен, соның ішінде Оңтүстік Судан, Камерун және Угандадан төменде тұр.

"Шекарасыз репортерлер" қазақстандық интернет басылымдардағы жаңалықтар сапасының артып келе жатқанын көрсетеді. Алайда билік интернетке бақылауды күшейтіп жатыр дейді. Мәлімдеулерінше, елде тек санаулы мемлекеттік емес басылымдар мен авторлық құқықты қорғау жобалары бар. Ресми түрде цензураның жоқтығына қарамастан, іс жүзінде БАҚ туралы заң өте қатаң.

"Билік БАҚ Қаңтар оқиғасын жарияламасын деп қамауға алу, шабуыл жасау, интернетті шектеу сияқты шараларды жасап жатыр. Ақпаратқа қолжетімділік шектеулі, үкімет брифингтерінде журналистердің сұрақтары цензурадан өтеді. Мемлекет өз үгіт-насихаттарын тарату үшін жеке БАҚ-қа да ақша төлейді. Мемлекеттік және үкіметтік басылымдарда бас редакторлардың тағайындалуын қадағалайды. Ал ақпарат министрлігі БАҚ кеңістігін реттеуші қызметін атқарады", – делінген баяндамада.

Баяндама авторлары қоғамның журналистикаға күдікпен қарайтынын айтты. 

“Журналистерге жиі сыбайлас жемқорлық жасады деген айып тағылады, ал мемлекеттік органдар журналистердің жұмыс істеуіне жиі кедергі жасайды. Кейбір БАҚ ауқымды кибершабуылдардан зардап шекті, ал жекелеген журналистер әлеуметтік желілерде қудалауға ұшырап, цифрлық тыңшылықтың құрбанына айналды”, – деп мәлімдеді “Шекарасыз репортерлер”,

Талқылау