Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстан барысы" жарысында Абай облысынан келген балуан жеңімпаз атанды

Астанадада Республика күніне орай қазақ күресінен өткен "Қазақстан барысы-2024" турнирінде Ерасыл Қажыбаев чемпион атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

қазақстан барысы

Фото: “Қазақстан барысы” турнирінің баспасөз қызметі

Астанадағы "Барыс Арена" спорт кешенінде қазақ күресінен ХІІІ республикалық "Қазақстан барысы" турнирінің финалында Ерсұлтан Мұзаппаров (Шымкент қаласы) пен Ерасыл Қажыбаев (Абай облысы) белдесті. Белдесу қорытындысына сәйкес Ерасыл Қажыбаев қарсыласын соңғы сәтте таза ұтып, турнир жеңімпазы атанды.

Ал қазақ күресінен ХІІІ республикалық "Қазақстан барысы" турнирінің үшінші орыны үшін белдесуде Саят Шамшиев (Абай облысы) пен Әділ Оразбаев (Әскер барысы) сынға түсті. Нәтижесінде Абай облысының балуаны Саят Шамшиев басым түсіп, "Қазақстан барысы – 2024" турнирінің 3-орын иегері атанды.

Осылайша 42 балуан бақ сынап жатқан турирдің шешуші сынына да келіп жетті. Бұл турнирде облыстық жарыстардың қорытындысы бойынша іріктелген еліміздің ең мықты балуандары бақ сынап жатыр. Олар еліміздің 17 облысы мен Республикалық маңызы бар 3 қала Астана, Алматы және Шымкент қалаларының спортшылары. 

Аталған турнирдің жеңімпазына 15 000 000 теңге берілсе, 2-орын алған спортшы 3 300 000 теңгеге иелік етеді. Ал 3-орынға қол жеткізген балуан 1 080 000 теңге көлемінде сыйақы алады. Сонымен қатар әр балуан әр белдесуде жеңіске жеткені үшін тағы 100 000 теңгеден алып отырады. 

Жалпы "Қазақстан барысы-2024" республикалық турнирдің жүлде қоры – 27 100 000 теңге. Аталған турнирде жеңіске жеткен балуандардың бапкерлері де сыйақысыз қалмайды. 3 720 000 теңге спортшылардың жаттықтырушыларына беріледі.

Талқылау