Қазақстан Ауғанстанда болған терактілерді айыптады
ҚР Сыртқы істер министрлігі 2018 жылы 21-22 сәуірде Ауғанстанда болған террористік актілерге байланысты мәлімдеме жасады.
«Қазақстан 2018 жылы 21-22 сәуірде Ауғанстанда бейбіт адамдардың өмірін қиған террористік актілерді қатаң түрде айыптайды», – деп жазылған ҚР СІМ мәлімдемесінде.
Сондай-ақ, онда ауған халқы халықаралық аренадағы лаңкестік әрекеттерге кезекті рет қарсы тұрғаны айтылған. «Лаңкестердің мақсаты – Ауғанстандағы сайлау қарсаңында жағдайды тұрақсыздандыру. Халықаралық террористік ұйымдардың әскерлері Кабул елінің ішкі саяси жағдайды тұрақтандыруға бағытталған күш-жігеріне кедергі жасай алмайтындығына біз сенімдіміз», – делінген хабарламада.
Одан бөлек, мәлімдемеде Қазақстан терроризмнің барлық түрін айыптайтыны және әлемдік қоғамдастықтың осы зұлымдыққа қарсы күресін қолдайтыны жазылған. «Біз осындай адамгершілікке жатпайтын әрекеттердің ұйымдастырушылары мен қолдаушылары анықталып, қатаң жазалануы тиіс деп есептейміз. Ауғанстан халқына және үкіметіне және зардап шеккендердің туыстарына қайғырып көңіл айтамыз», – деп мәлімдеді ҚР СІМ.
Тағы да оқыңыз:
Ақтөбе облысында бес баланың әкесі үстіне бензин құйып өзін өртеп жіберді