«Қазақстан аруы-2015» байқауының ресми сайтында қатысушыларға дауыс беру басталды
«Қазақстан аруы-2015» байқауына қатысушылардың ресми фотосуреттері. Өзіңіз таңдаған аруға misskazakhstan.kz сайтында дауыс беруге болады.
Бұл туралы әлеуметтік желілердегі байқаудың ресми аккаунтында хабарланды.
Еске сала кетейік, 10 желтоқсанда Астанада ұлттық сұлулық байқауының финалы өтеді. Елдің 30 ең әдемі сұлу қыздары «Қазақстан аруы-2015» тәжі мен атағын жеңіп алу үшін сынға түседі.
Бұдан бұрын, елдің ең сұлу аруын қазақстандықтардың өздері онлайн және смс-дауыс беру жолымен таңдайтыны хабарланған болатын. Ал байқаудың қазылар алқасы гранд-финалшылардың үштігін ғана анықтайды. Биылғы жылы бірінші орынға 5 миллион теңге мөлшерінде жүлде тағайындалғанын атап өткен жөн.
Байқау сайтында хабарланғандай, дауыс берудің аяқталуына 6 күн 22 сағат қалды.
Талқылау

“50 жыл басқа елде тұрған ата-анам артымнан еріп, көшіп келді”: Қазаққа келін болып түскен корейлік ару жаңа отбасы туралы айтып берді
Екатерина Жанғарина: "Екі үлкен шәугім сүті бар шай беріп, "құя бер" деді"

Желіде тілі шықпаған баланы қой ішегімен қылқындырғандардың видеосы тарады: Логопед-дефектолог ырымның үлкен қаупін айтты
Балаға психологиялық әрі физикалық қауіп төнеді