Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан арнайы мемлекеттік қорда криптоактивтерді жинақтай бастайды – Тоқаев 

pixabay криптовалютаФото: pixabay.com

8 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Халыққа жолдауында елімізде цифрлы активтерге арналған мемлекеттік қор құрылатынын жария етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Президент ұлттық қордың тұрақты даму құралы ретіндегі жұмысын қайта қарау қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, шағын, бірақ болашағы зор жобаларды қаржыландыру керек.

"Қор қаражатын жоғары нарықтық әлеуеті бар шағын жобаларды қаржыландыруға пайдалану қажет. Қаражатты бөлуге жауапкершілікпен қараған жөн. Қажет болған жағдайда тиісті тәжірибесі бар халықаралық инвесторларды да тартуға болады", – деді Тоқаев.

Бұл бағытта үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп жұмыс істеуге тиіс.

"Стратегиялық криптографиялық резервті және жаңа цифрлық қаржы жүйесінің ең перспективалы активтерін жинақтайтын цифрлық активтерге арналған мемлекеттік қор құрылуы керек", – деді президент.

Сонымен қатар президент өз жолдауында қазіргі басты проблема – жоғары инфляция екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, инфляция экономикалық өсімді жеп қойып отыр.

"Бұл мәселенің нақты экономикалық көрсеткіштері мен дайын шешу жолы жоқ. Онымен көптеген мемлекет бетпе-бет келіп отыр, сондықтан ол әмбебап құбылыс деуге болады. Бірақ біздің жағдайымызда ол ерекше өткір сипатқа ие болды. Біз бұл макроэкономикалық "сиқырлы шеңберден" шығуымыз керек", – деді президент.

Сондай-ақ ол үкімет пен Ұлттық банк күрделі жағдайды және алдымызда тұрған мемлекеттік міндеттердің ауқымын ескере отырып, біртұтас команда ретінде әрекет етуге тиіс екенін қоса айтты.

"Қазір арқан тартысатын уақыт емес", – деді мемлекет басшысы.


Биткоин алтыннан табыс деңгейі бойынша қалып қойды


АҚШ криптовалютаны заңдастырды: Сарапшылар елдің экономикасына алаңдаулы


Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда криптокарталар енгізілетінін жаздық. Ұлттық банк Алматыда банктер, криптобиржалар және финтех-компаниялармен кездесу өткізіп, криптокарта жобасын таныстырған еді. Жоба аясында пайдаланушылардың криптоәмияндарындағы активтері төлем кезінде автоматты түрде сатылып, баламасы банк картасына түседі. Осылайша, криптовалютамен азық-түлік пен қызмет ақысын төлеуге мүмкіндік жасалмақ. Сонымен қатар биыл цифрлық активтер саласында бірқатар пилоттық жобалар іске қосылады: стейблкоин шығару, қаржы және мүлікті токенизациялау, криптоактивтерді сақтау және айырбастау сервистерін құру. Бұл бастамаларды жүзеге асыру үшін заңнамалық түзетулер де дайындалып жатыр.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 08 Қыркүйек, 2025 11:35
Талқылау