Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан алтын сатуды тоқтатып, бағалы металды қайтадан сатып алып жатыр

Қазақстанның Ұлттық банкі алтын активтерін сатуды тоқтатып, бағалы металды қайтадан сатып алып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Flickr/Golden Saint Gold 

Қазақстан жыл басынан бері төрт тоннаға жуық алтын алған.

Дүниежүзілік алтын кеңесінің мәліметінше, 2025 жылдың басынан бері әлемнің орталық банктері жалпы саны 18 тонна алтын сатып алды. Оның төрт тоннаға жуығын Қазақстанның Ұлттық Банкі алды дейді.

Қазақстан бағалы металды сатып алу көлемі бойынша Өзбекстан (сегіз тонна) мен Қытайдан (бес тонна) кейін үшінші орында тұр. Өзінің алтын қорын құруды жалғастыратын басқа елдерге Польша, Үндістан, Чехия және Катар жатады. Бірақ Қырғызстан, Иордания және Ресей керісінше металл сатты.



"Қазақстанның Ұлттық банкі алтын қорына төрт тонна қосты.17 қаңтарда өткен баспасөз брифингінде Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Ұлттық банк халықаралық резервтерді ұлғайту және экономиканы сыртқы күйзелістерден қорғау мақсатында алтын сатып алуда монетарлық бейтараптыққа көшуді жоспарлап жатқанын айтты. Ұлттық банк алтын сатып алу операцияларының айнымалы бөлігі ретінде доллар сатуды бастады. Қазақстанның алтын қоры 288 тонна, бұл жалпы қордың 55 пайызы", – делінген World Gold Council хабарламасында. 

Бұған дейін алтын өндіруге наразылық білдіргендерге полиция мен арнайы жасақ келген еді.

Талқылау