AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда әлеуметтік желідегі мұсылмандарға арналған парақшалар бұғатталды

Қазақстан аумағында "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі атауларында "Ислам", "Құран" және "Мұсылмандар" деген сөздер жазылған жалпыға қолжетімді парақшалар іріктелу арқылы бұғатталды. Негізінен 50 мың жазылушыдан тұратын ірі парақшалар бұғатталды, ал кейбірінде тіпті миллионнан астам жазылушылары болғандары да бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

вконтакте

Бұл парақшалар ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өтініші бойынша бұғатталған. Министрліктің өзі бұл туралы ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Көп жағдайда әлеуметтік желідегі парақшалар Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын контенттің таралуына байланысты бұғатталады. Мысалы үшін, экстремизмді насихаттарын жариялауға тыйым салынған.



Алайда бұл парақшалардағы мазмұн негізінен әртүрлі діни мәтіндер мен суреттерден тұратынын байқауға болады. Бұғатталған парақшалардың бірі мұсылмандардың танысуы үшін ашылса, екіншісінде ақпараттың жаңармағанына бір жылдан асқан.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр