Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан 120 бітімгерді Ливанға аттандырмақ

Қорғаныс министрлігінің мәліметіне сәйкес, қазақстандық әскерилер алдағы күзде Ливанға аттанады.

Қазақстан 120 бітімгері Ливанға аттандырмақ

Фото: © Sputnik / Анатолий Устиненко

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Қазақстан әскери адамдарын бітімгерлік мақсатта Ливанға аттандырады, деді Қорғаныс министрлігінің орынбасары Талғат Мұхтаров.

“Қазір біз бейбітшілік мақсатында адамдарымызды аттандыру жұмыстарын қолға алып жатырмыз. Барлық талаптарды орындадық. Енді БҰҰ-ның талаптарынан өту ғана қалды. Алдағы қыркүйек, қазан айында шамамен 120 адамнан тұратын ротаны жібереміз. Олар Ливанға аттанады деп ойлап отырмыз”, – дейді ол мәжілісте.

Мұхтаров Қазақстанда бітімгерлік жұмыстары жөнінде заң қабылданғанын, онда әлеуметтік сауалдар, кепілдік пен қауіпсіздік жайы да жазылғанын айтты.

“Заң қабылданды, қазір тексеру жүріп жатыр, БҰҰ-мен тығыз қатынастамыз. Өзім Ливанда болғам. Жұмысымызды атқаратын қолайлы орындарды қарадым. Бұл бейбітшілікті қолдайтын бітімгерлік миссиясы”, – деді Мұхтаров.

Тағы оқыңыз:

Алматыда тұрғын үйлердің жеделсатысының жартысынан көбі талапқа сай емес болып шықты

Сауда, ойын-сауық орындарындағы тексеріс: Еліміздегі 75 нысанның үшеуі ғана қауіпсіз болған

Қазақстанда бірнеше тағам құрамынан доңыз ДНҚ-сы табылды

Талқылау