Қазақстан Үкіметі мерекелік күндер тізбесін бекітті
Қазақстан Республикасы Үкіметі мерекелік күндер тізбесін бекітті, – деп хабарлайды Әділет министрлігі жанындағы Нормативтік-құқықтық актілері ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайты.
Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев биылғы жылдың 31 қазаны күні «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» №689 ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойды.
Аталған құжат бойынша 46 мерекелік дата көрсетілген тізбе бекітілді.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы күні – 10 қаңтар;
- Алғыс айту күні – 1 наурыз;
- Жерге орналастыру, геодезия және картография күні – наурыздың екінші сенбісі;
- Геолог күні – сәуірдің бірінші жексенбісі;
- Ғылым қызметкерлері күні – 12 сәуір;
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күні – 21 сәуір;
- Мәдениет және өнер қызметкерлері күні – 21 мамыр;
- Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні – 31 мамыр;
- Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні – мамырдың соңғы жексенбісі;
- Қазақстан Республикасы рәміздері күні – 4 маусым;
- Эколог күні – 5 маусым;
- Полиция күні – 23 маусым;
- Мемлекеттік қызметші күні – 23 маусым;
- Жеңіл өнеркәсіб қызметкерлері күні – маусымның екінші жексенбісі;
- Медицина қызметкері күні – маусымның үшінші жексенбісі;
- Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні – 28 маусым;
- Дипломатиялық қызмет күні – 2 шілде;
- Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері күні – 13 шілде;
- Балық шаруашылығы қызметкерлері күні – шілденің екінші жексенбісі;
- Металлург күні – шілденің үшінші жексенбісі;
- Сауда қызметкерлері күні – шілденің төртінші жексенбісі;
- Көлік қызметкерлері күні – тамыздың бірінші жексенбісі;
- Құрылысшы күні – тамыздың екінші жексенбісі;
- Шекарашы күні – 18 тамыз;
- Спорт күні – тамыздың үшінші жексенбісі;
- Шахтер күні – тамыздың соңғы жексенбісі;
- Білім күні – 1 қыркүйек;
- Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні – қыркүйектің бірінші жексенбісі;
- Отбасы күні – қыркүйектің екінші жексенбісі;
- Қазақстан халқы тілдерінің күні – қыркүйектің үшінші жексенбісі;
- Атом саласы қызметкерлерінің күні – 28 қыркүйек;
- Әділет органдары қызметкерлерінің күні – 30 қыркүйек;
- Машина құрастырушылар күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі;
- Еңбек күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі;
- Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні – 6 қазан;
- Ұстаздар күні – қазанның бірінші жексенбісі;
- Құтқарушы күні – 19 қазан;
- Орман шаруашылығы қызметкері күні – қазанның үшінші жексенбісі;
- Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні – қазанның соңғы жексенбісі;
- Күзет ұйымдары қызметкерлері күні – 29 қазан;
- Сыртқы барлау күні – 5 қараша;
- Статистика күні – 8 қараша;
- Ұлттық валюта күні, Қазақстан Республикасы қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі – 15 қараша;
- Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні – қарашаның үшінші жексенбісі;
- Прокуратура күні – 6 желтоқсан;
- Энергетик күні – желтоқсанның үшінші жексенбісі.
Қаулы ресми түрде алғаш жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Талқылау