AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстағы 65 мектептен түрлі заң бұзушылықтар анықталды - Білім және ғылым министрлігі

"Балаға лайық" мектеп дәретханалары мен асханаларын қадағалау акциясының бірінші аптасында қазақстандықтар 65 нысандағы сәйкессіздіктер туралы хабарланды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

мектеп

Министрлік өкілі акцияның алғашқы аптасында түскен хабарламалардың басым бөлігін Түркістан, Алматы және Қарағанды облысының тұрғындары жібергенін айтты.

"Бірінші аптада WhatsApp және Telegram арналарымызға 65 нысан бойынша 400-ден астам хабарлама, фото және бейнематериалдар келіп түсті. Өтініштердің басым бөлігі Түркістан, Алматы және Қарағанды облыстарының тұрғындарынан. Оқушылар мен ата-аналар сәйкессіздіктер туралы ақпаратты белсенді түрде жіберіп жатыр. Колледждер мен университеттердің студенттері хабарлама жолдаған", – дейді Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули.

Тұрғындар гигиеналық құралдардың, жуынатын бөлмелерде қалқалардың болмауы, жылы дәретханалардың жоқтығы, салқын немесе дәмсіз тағамдар және басқалары туралы хабарлаған. 



"Сонымен қатар олар үлгілі, талапқа сай келетін нысандар туралы ақпарат жіберіп жатқаны қуантады. Айта кетейік, акция мектеп әкімшілігін жазалау мақсатында емес, жағдайды бірлесіп жақсарту мақсатында өткізіледі. Мектептерді қаржыландыру әкімдіктердің құзырында болғандықтан, ақпараттарды соларға жібереміз. Бүгінгі күні барлық ескертуді жою бойынша аймақтармен қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр", – деп қосты ол. 

Айта кетейік, бұған дейін елімізде “Балаға лайық” акциясының басталғаны туралы хабарлаған едік. Акция "Мектептің жақсаруына көмектес!" ұранымен өтіп жатыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр