Қазақстандық шенеуніктер 2029 жылға дейін 3,3 млн азаматты жұмысқа орналастыруы керек
Фото: gov.kz
Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов еңбек нарығындағы қазіргі жағдайды баяндады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Вице-министрдің айтуынша, Қазақстандағы ресми жұмыссыздық деңгейі жыл басынан бері өзгермеген.
"Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 4,6% деңгейінде сақталып отыр. Жұмыспен қамтылғандар қатары жалдамалы жұмыскерлер есебінен өсіп отыр, олардың саны 7,1 миллион адамға жетті, ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны – 2,1 млн адам", – деп мәлімдеді ол.
Асқар Биахметов елімізде халықтың саны өсіп келе жатқанын, соның нәтижесінде жыл сайын еңбек нарығына келіп жатқан жастардың қатары артқанын атап өтті. Болжам бойынша, 2035 жылға дейін бұл көрсеткіш жылына 360 мың адамға дейін өседі. Бұл еңбек нарығына қосымша салмақ түсіреді.
"Жұмыспен қамту құрылымы әрдайым экономиканың сұраныстарына сәйкес келе бермейді. Өзектілігін жоғалтып бара жатқан кәсіптер бар. Еңбек нарығында сұранысқа ие тиісті дағдылары бар кадрлар жетіспейді. Жалақының жеткілікті деңгейде бәсекеге қабілетсіздігі қосымша сын-қатерге әкелуі мүмкін", – дейді вице-министр.
Асқар Биахметов өңірлер арасындағы теңгерімсіздікті атап өтті: оңтүстікте еңбек ресурстары шамадан тыс көп болса, солтүстікте, керісінше, тапшы. Ірі мегаполистерде ішкі көші-қонның жоғары деңгейіне байланысты еңбек нарығының асыра толығуы тіркелуде. Бұл әлеуметтік тұрғын үй, коммуналдық және көлік инфрақұрылымдарына едәуір жүктеме түсереді.
Бұл ретте, оның айтуынша, экономикалары көп салаландырылған өңірлер бар. Соның салдарынан азаматтардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктері шектеліп отыр.
"Орта мерзімді кезеңде кадрларға болжамды қажеттілік 3 млн адамға жуық… Біздің алдымызда 2029 жылға дейін 3,3 млн азаматты жұмысқа орналастыру міндеті тұр", – дейді вице-министр.
Жыл басынан бері 250 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан, оның 38 пайызы – жастар.

Қостанайда Ресей флотының мерекесі тойланды: Әкімдік шарадан хабарсыз болған
