Қазақ журналисі: Халқым, шын уайымдап жатырсыздар ма, 7 жасар баланы ұмытып ертең басқа қайғы тауып аласыздар ғой
Қазақ журналисі Қанат Әбілқайыр 7 жасар баланың тағдырын уайымдаған көпшілікке сын тақты. Бір бірімен жанжалдасқан қазақ жазушылары жайлы айтып өтті.
“Баянды байы сабаса шуылдаймыз… Төрағали біреуді балағаттаса шулаймыз…
“Біреу зорлық көрді” деп, “біреу қорлық көрді” деп күңіренеміз. Әйтеуір күніне болмайтын бір қайғы тауып алып, билікті де, қоғамды да, басқаны да есекке теріс мінгізіп жүрміз.
Ал, шын қайғыға қайғырған біреу бар ма, осында… Шекараның арғы жағындағы екі миллион (үш миллион болуы да мүмкін) қазағыңның көзінен жас емес, қан ағып жатыр.
Кеудедеңдегі жүрегің сыздамайды ма, ет-бауырың езілмей ме?
Арамызда туған бауыры, туған ата-анасынан тірідей айрылып, қан қақсап жүрген қаншама адам бар. Аузын ашайын десе, арғы бетте қалған туысын уайым қылады.
Қаншама бала әкесінен тірідей жетім қалып жатыр. Қаншама ана сәбиін бір көруге зар болып, арғы бетте етегі жасқа толып отыр.
Олар бірінші Құдайдан медет сұрайды. Екінші сенері Сіз бен Біз…
Әне, жазушыларың мінбеде аң болып жүр? Қазақтың қайғысынан Одақтың креслосы қадірлі болған заманда “мен қайда жүрмін, қандай мемлекетте өмір сүріп жатырмын?” деп өзіңе сұрақ та қоя алмайды екенсің.
Мен Өзімді һәм Сіздерді түсіне алмай-ақ қойдым. Ертең оңтүстікте қорлық көрген баланың тағдырын мәңгілікке ұмытып, су жаңа қайғы тауып аласыздар ғой.
Қайғы қажет болса, жер бетіндегі бар қазақтың бестен бірінің басына түскен нәубәт жайлы тым құрыса бір ауыз сөз жазыңыздаршы…”, – дейді ол желідегі парақшасында.
Айта кетейік, бұған дейін ОҚО-да мектеп оқушыларына 7 жасар оқушыны зорлады деп айып тағылған болатын. Кейіннен 1-сынып оқушысыныңзорланбағаны анықталды. Жәбір көрдім деген баланың өзі оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Соңғы мәліметтер бойынша, бұл іске қатысты қызық сәйкестіктер пайда болды.
Тағы да оқыңыз:
Тілеухан 7 жасар баланың ісін жымын білдірмей жаба салайық деген пиғылдағы адамның бәрі – сыбайлас
Тез дайындалатын лапшаларға көлікке құятын антифриз қосатыны белгілі болды