Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақ жігіттері маған қарамайды": Оңтүстік Кореяда оқитын жерлесіміз қазақ жігітіне тұрмысқа шыққысы келеді

22 жастағы Назым Тілектес қазір Оңтүстік Кореяда оқып, білім алып жатыр. Бөгде елде жүрген жерлесімізге корейлік жігіттер жиі сөз салатын көрінеді. Бірақ Назымның қазақ жігітпен танысып, отбасы құрсам деген тілегі бар. Дегенмен оның айтуынша, қазақ жігіттері мүлде көңіл білдірмейді екен. Stan.kz тілшісі Назыммен тілдесіп не үшін қазақ жігіттері қарамай жүргенін сұрап білді. 

назым тілектес

Корейліктерде бар қасиет менің бойымда бар

Мен Алматы облысы Сарқанд ауылында туғанмын. Әке-шешем дәм-тұзы жараспай ажырасып кеткен. Анам-мұғалім. Мектеп кезінен актриса болып, түрлі адамдармен қарым-қатынас орнатып, түрлі жерде жұмыс істеу қызықтырды. Тоғызыншы сыныптан соң Т.Жүргенов атындағы өнер колледжіне түсіп кеттім. Оны бітірген соң академияға тапсыратын кезде студенттерді Кореяға жіберетінін естідім. Сол кезде неге бірден Кореяға оқуға тапсырмасқа деген ой келіп, оқуға түсуге дайындалдым. Алла қалап, өзім армандаған елге оқуға түсіп кеттім. Сол кезде түсінгенім менің көп қылығым корейліктердің болмысына келеді екен. Неше түрлі шоу бағдарламаларын қарап ұқсас екенімді сезетінмін. Ойым корейліктермен сәйкес келеді. Корейліктер ешқашан кешікпейді, барлық кезде уақытысымен жүреді. Корейліктерде бар осы қасиеттер менің де бойымда бар. Үлкендерін сіз деп сөйлеп, құрметтейді. Корея маған қатты ұнайды және өзімді осында қауіпсіз сезінемін. Ешкім артық сөз айтпайды және заң өте қатал сақталады.

Корей жігітім болды...

Маған сөз айтып жүрген корейлік жігіттер бар. Оның үстіне Кореяда қыздарға қарағанда жігіттер көп және қыздарға көп көңіл бөледі. Жігіттер өте жауапты, мейірімді, қамқор. Осы елге келгенде корейлік жігітім болды. Сол кезде бір-бірімізді түсіне алмайтынымызды байқадым. Мүмкін мен корей тілін жүз пайыз білсем, ол жігітті жеткілікті дәрежеде түсінетін ба едім. 

назым тілектес

Кореяда қалсам, өз еліме бөтен болып кетемін 

Бір жарым жылдан соң универді бітіремін. Содан кейінгі өмірім не болады деп ойланамын. Қазірден бастап шешім қабылдап, жоспар құруым керек. Егер Қазақстанға қайтатын болсам, сол жақта мені ұстап тұратын бір нәрсе болуы керек. Ал егер корейлік жігітке тұрмысқа шықсам, балаларым да корейлік болады ғой. Бірақ мен балаларыммен қазақша сөйлесіп, өзімнің әңгімемді айтып, өз менталитетімде болғым келеді. Әйтпесе, осы жақта қалып қойсам өз еліме бөтен болып кететінімді сеземін. 

 

Қазақ жігіттеріне ұнамаймын...

Қазақ жігітін тауып, тұрмыс құрып, отбасылы болғанды қатты қалаймын. Өкініштісі қазақ жігіттеріне ұнамаймын. Шынымды айтсам қазақ жігіттері көңіл білдірмейді. Неге екенін өзім де білмеймін. Қазаққа тұрмысқа шықсам жақсы болушы еді. Егер ондай адам жоқ болса, онда Қазақстанда да атыма қарайлайтын ештеңе жоқ. Сол себепті Кореяда өз өмірімді жалғастыратын сияқтымын деген ойлар келеді. 

 

Жазда Қазақстанға барсам, жан-жағыма жақсылап қараймын

Қазақстанда жүргенде шет елге кетуге дайындалып, жігіттер туралы ойлауға уақытым болған жоқ. Ойымның бәрі шет елге оқуға кетемін дегенде болды. Бірақ екі жыл Кореяда тұрған соң көп нәрселерді қайта сараптап, ойланып жатырмын. Жалғыз өзім бөтен елде жүріп, анам қасымда болмаған соң барлығына өзім жауаптымын, әрі үлкендерше ойлап, ақылға салып жатырмын. Осы жазда Қазақстанға барсам, жан-жағыма қарап, жігіттерді таңдайтын боламын. Егер қазақ жігіттерінен үміт болмаса, күзде Кореяға қайта оралып, осында қалу керек деген ой бар.

назым тілектес

Анам корейлік күйеу баласының болғанын қаламайды

Қазақстанда анам, достарым, туыстарым бар, қатты сағынамын, бірақ өз елімізде болашағым бар ма, барғанда немен айналысамын деген сынды ойлар келеді. Анам корейлік жігітке тигенімді құптамайды. Оған қазақ жігітке тұрмысқа шығып, өз елімізде өмір сүргенім жақсы. Алайда болашақта корейлік жігітті жолықтырып ол мені қатты ұнатып қалса, түсіністікпен қарайды деп ойлаймын. Шығармашылық адамдарын ұнатамын. Тәрбиелі, ойлау жүйесі терең, өзін ұстау мәнері жақсы, сыпайы және қыздарды, ата-анасын құрметтейтін жігіт болса екен деп ойлаймын. 

 

Талқылау