Қазақ жігіті Тиматидің компаниясында үздік қызметкер атанды
Қазақстандық жас режиссер Абылай Қайыржанов Тимати негізін қалаған Black Star продюсерлік орталығында қызмет етіп келген. Ол 18 желтоқсанда аталған орталықта жылдың үздік қызметкері атанды, деп хабарлайды Stan.kz.
Астаналық режиссер үздік қызметкер атағы мен сыйлықты 18 желтоқсанда алғанымен, қуанышты жаңалығымен енді ғана бөлісуді ұйғарған. Бұл туралы режиссердің өзі Instagram желісіндегі паарқшасында жазды.
«Жылдың үздік қызметкері боламын деп күтпеп едім. Оның үстіне керемет сыйлық алдым! Өте қуаныштымын. Маған деген сенімдеріңіз үшін рахмет. Black Star басшылығына көп алғысы білдіремін”, — деп жазған әлеуметтік желідегі парақшасында Абылай Қайыржанов.
Оқи отырыңыз:
Экс-депутаттың зорлығына ұшырадым деген ШҚО тұрғыны халықтан көмек сұрады (видео)
Меруерт Түсіпбаева қарияға ұрысып, залдан қуған Төреғали Төреәліні сынап тастады
Мейрамбек Бесбаев: Керемет әкемін деп айта алмаймын
Өз концертіне келген қарияны қуып шыққан Төреғали Төреәлі елді шулатқан видеоға қатысты жауап берді