Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ жігіті: Балалы әйелге үйленсем өкініп қалмаймын ба?

Facebook желісінің белсендісі Ринат Бектасұлы өзіне келіп түскен хатпен бөлісті. Әдетте аталған қолданушы мұндай хаттарды «Жаға ұстатты» тобында бөлісіп отырады. Бұл жолы 29 жастағы жігіт жұрттан көмек сұраған екен.

0рнпа

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Сәлем, достар! Есімімді сіздер білмей-ақ қойыңыздар. Жасым жиырма тоғызда. Отбасын құрмағанмын. Жақында Facebook желісі арқылы бір баласы бар әйелмен таныстым. Екеуіміздің сөзіміз жарасып, әзілдесіп, күліп жүрдік. Күні-түні сөйлесетін күндеріміз көбейіп кетті. Оны қатты ұнатып қалдым. Ол да мені жақсы көреді екен. Енді ол маған отбасын құруға ұсыныс жасап жатыр. Шешім қабылдауға қиналып тұрмын. Бір балалы әйелге үйленгенім қаншалықты дұрыс? Ертең ел-жұрт не дейді? Әке-шешем де қарсы болары анық. Басым қатып кетті. Не істесем болады? Ақыл қосыңыздаршы, өтініш!» – деп жазады азамат.

Аталған жазбаға көптеген лүпіл басылып, 800-ге жуық пікір жазылды. «Тең-теңімен, тезек қабымен. Есік көргенді емес, бесік көргенді ал деген аталы сөз бар. Уақытша, өткінші сезімге беріліп, болашағыңа балта шаппа. Бәріміз де қыз болып, бүгінде бір-бір ару тәрбиелеп отырмыз. Ойнап жүріп от баспағаның жөн. Қандай жағдай болса да, Алла болашағыңды жарқын етсін», «Алдымен, кездесіп сөйлессеңізші. Күйеуі жоқ әйелдің барлығы жаман болуы мүмкін емес. Ажырасқан болса да, өте ақылды, дана әйелдер бар. Әлеуметтік желі арқылы ешнәрсе шешілмейді», «Саған ақыл айтатын біз емеспіз. Көп жағдайда ата-анадан кеңес сұраған жөн. Құдайға шүкір, ата-анаң бар екен», «Менің қайным дәл осылай баласы бар әйел алған болатын. Ақыры әйелінің ақыл-есі дұрыс емес болып шықты. Өзі әбден беті ашылып, үлкен мен кішіні сыйламайтын әйел болып шықты. Не тапқан баласы жоқ. Десе де, соңғы шешімді өзің қабылдайсың» деп жазады олар.

Ал сіз бұл жігітке қандай кеңес берер едіңіз? Мұндай жағдай өзіңіздің немесе жақындарыңыздың басынан өткен бе?


Жіберіп алмаңыз:

Семейде неміс ұлтының өкілдері мешітке келіп өз еркімен Ислам дінін қабылдады (фото)

Көкшетау имамы өз еркімен мешітті тазалап, қарын күрейтін ер адамға велосипед сыйлады (фото)

Қазақстанда депутаттардың жалақысы көтерілді

Медбикелер шетінеді деген сәби денесін өртейтін кезде тіріліп кетті

STAN.KZ
Дүйсенбі, 10 Сәуір, 2017 13:38
Талқылау