Қазақстанда депутаттардың жалақысы көтерілді

Дүйсенбі, 10 Сәуір , 2017 13:17

Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеру туралы шешім төрт жыл бұрын қабылданған еді.

12172264

Фото: Асем Миржекеева

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Мәжілістің вице-спикері Владимир Божко Қазақстан парламенті депутаттарының жалақысының өсуі туралы тілшілерге түсіндіріп берді. Осы демалыста БАҚ-да белгілі болғандай, 2017 жылы 1 наурыздан бастап қазақстандық депутаттардың жалақысы, кейбір деректер бойынша, 30%-дан 50%-ға дейін өсірілді.

“Саяси қызметкерлер арасында соңғы рет біздің кезімізде жалақы өсіріліп отыр. Бұл шешім төрт жыл бұрын қабылданған еді. Себебі әуелі министрліктер мен ведомстволарда өсірілді, содан кейін арада төрт жыл өткен соң, бізге де кезек келді”, — деді Божко мәжілістегі үкімет сағатынан кейін тілшілерге.

“Барлық саяси қызметкерлер бірдей жалақы алуы тиіс. Депутаттар да саяси қызметкерлер. Сол себепті, бұл шешімді дұрыс деп санаймын және шешім қабылданғаннан кейін міндетті түрде орындалуы тиіс”, — деді вице-спикер.

Жіберіп алмаңыз:

«Эйр Астана», «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы» компанияларының акциясы сатылмақ

Өзгелерді террорлық ұйымға тартқан 6 теміртаулық азамат іздестіріліп жатыр (фото)

Шымкенттік шенеуніктер вице-министрдің баяндамасын тыңдамай ұйықтап қалды (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

6
Комментариев
  • Anonymous says:

    Депуттатардың жалақысы неге көтерілгенін түсіндірдіңіз, ал енді көп балалы аналардың жәрдемақысы неге көтерілмейтінін түсіндіріп беріңізші.Көп бабалы аналдардың жәрдемақысы 9 мың теңге де депуттаттардың айлығы 900 мың теңге?

  • Anonymous says:

    Азат Перуашев пен Божко өскен айлыктарын министр мен вицеминистрдін айлыгымен салыстырганша қарапайым мектеп мұғалімінің айлығымен неге салыстырмайды. Сонда көрер еді айлықтарының шамасын көп пе әлде аз ба екенін.

  • Anonymous says:

    Неге оданда қарапайым халықтың қамын ойламайды олар қандай мəселе шешіп жатыр

  • Anonymous says:

    Аш отыр ғой байғұстар. Көтермеске болмайды. Мұғалімдердікін өлімше етіп көтерген сыңай танытты. Қалғанын құлқындарына салып жатыр да

  • Anonymous says:

    Коп балалы аналардын жардемакысынан айырып уйыктап откандарга беру не деген маскара

  • Anonymous says:

    Жуда булардын акшалары аз еди неге медиктермен мугалимдердин айлыгын котермейди тусинбеймин депудатта онсызда акша коооопкооо

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.04.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар