Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Эйр Астана», «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы» компанияларының акциясы сатылмақ

Биылғы жылдан бастап бірнеше ірі компанияның акциялары сатыла бастайды.

tfile_img15

2017 жылы жекешелендіру аясында 280 кәсіпорын сатылымға шығарылады, деп хабарлайды Sputnik.

2019-2020 жылдары “Самұрық-Қазына” әл-ауқат қорының 18 ірі компаниясын, оның ішінде IPO/SPO шеңберінде 8 топ компанияны сату жоспарланып отыр деп хабарлады Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Министр үкіметке кешенді жоспарға енген ұйымдарды жекешелендіруді 2018 жылдың соңына дейін аяқтау тапсырылғанын атап өтті. Бақыт Сұлтанов баяндағандай, 2016 жылдан бастап жекешелендірудің кешенді жоспары бойынша 51 млрд. теңге сомаға 198 объекті сатылды, оның ішінде 7 млрд. теңгеге республикалық меншіктегі 18, 5 млрд. теңгеге коммуналдық меншіктегі 95, 39 млрд. теңгеге квазимемлекеттік сектордағы 85 объекті.

“Одан басқа, 202 объекті сауда-саттықтан алынды, олардың ішінде 126 объекті таратылу сатысында, 33 объекті қайта ұйымдастыру сатысында, 32 объекті бойынша жекешелендіру объектілерінің тізбесінен алып тастау туралы шешім қабылданды. Квазимемлекеттік сектордың 11 объектісі бас компанияның құрамында сатылды.Жекешелендірудің кешенді жоспарының орындалуы ағымдағы күнге қайта ұйымдастырылған және таратылған объектілерді есепке алғанда 47%-ды құрайды”, — деді Сұлтанов бүгін үкімет отырысында.

Министр, сондай-ақ, жекешелендіруді жеделдету бойынша қабылданған шараларға тоқталды. “Биылғы жылдың басында кешенді жоспардың шеңберінде бекітілген сату кестесінде 404 объектіні сату жоспарланған, оның ішінде 2017 жылға – 215 объекті (53%), 2018 жылға – 41 объекті (10%), 2019-2020 жылдарға – 148 объекті (37%). Ағымдағы жылы қалған объектілердің кемінде 80%-ін сауда-саттыққа шығару мақсатында әрбір объекті бойынша оларды жеделдетіп сату мүмкіндігіне талдау жасалып, сауда-саттыққа шығару кестелері қайта бекітілді. Әрбір объекті бойынша жол карталары әзірленіп бекітілді және мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталына енгізілді. Нәтижесінде 404 объектіден 130 объекті 2019-2020 жылдардан 2017-2018 жылдарға ауыстырылды”, — деді ол.

2017 жылы 325 объектіні, оның ішінде республикалық меншіктегі 30, коммуналдық меншіктегі 177, Ұлттық холдингтердің 67 және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың 51 объектісін сату жоспарланған. 2018 жылы 61 кәсіпорын сатылмақ. “Аталған объектілердің ішіндегі 50-і топ-65 объектілеріне жатады, 2017 жылы оның 29-ын, 2018 жылы 21 топ объектіні сату жоспарланған. 2019-2020 жылдары Самұрық-Қазынаның 18 ірі компаниясын (оның ішінде 14 топ объектісін), оның ішінде IPO/SPO шеңберінде 8 топ компаниясын сату жоспарланып отыр”, — деді министр.

“Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке кешенді жоспарға енген ұйымдарды жекешелендіруді 2018 жылдың соңына дейін аяқтау тапсырды. Осыған байланысты Қаржы министрлігі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтермен бірлесіп жекешелендіру процесін жандандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды Baq.kz.
Биылғы жылы 325 ұйым, 2018 жылы 61 ұйым сатуға шығарылады. Ал 2019-2020 жылдары «Эйр Астана» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Тау-Кен Самұрық» ҰК» АҚ сияқты 8 ірі компания активін IPO/SPO-ға шығару жоспарланып отыр», – деді Тимур Сүлейменов.

Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша 2018 жылы 21 топ объектіні сату жоспарлануда. Оның ішінде Ұлттық холдингтердің – 16 және мемлекеттік меншіктің – 5 объектісі бар. 2019-2020 жылдары Самұрық-Қазынаның 8 ірі компаниясын (оның ішінде 14 топ объектісін) IPO/SPO шеңберінде 8 топ компаниясын сату жоспарланып отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Елімізде әуебилеттерінің бағасы арзандайды

Елімізде электр энергиясы арзандауы мүмкін

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардан қой еті мен шай алынып тасталды

Талқылау