Смартфон ұтысына қалай қатысуға болады? Диктант туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Қазақ тілінің қамын ойлап, мұнымен қоса өз сауаттылығын тексергісі келетін жүздеген адам тұңғыш онлайн-диктантқа қатысуға ниет білдірді. Біздің редакциямызға диктанттың өтуі туралы көптеген сұрақ түсіп жатыр. Бүгін біз соларға жауап бермекпіз. 

Диктант қашан және қайда өтеді? 

Жазба жұмысы 15 желтоқсанда dictant.stan.kz сайтында өтеді. 

Диктантқа қалай тіркелуге болады?

Диктантқа алдын ала тіркелу міндетті емес. 

Диктантқа кім қатыса алады?

Диктантқа кез келген адам қатыса алады. Бізде жас шамасына қарай ешқандай шектеу жоқ. 

Қатысу үшін ақша төлеу керек пе?

Жоқ, диктанқа қатысу - тегін. 

Диктант қалай өтеді? 

Диктант дәстүрлі ережелерге сай өткізіледі. Сайт қолданушылары арнайы жазба жұмысының терезесіне диктант мәтінін жазады. 

Біз диктант мәтінін оқитын спикерлер, атап айтсақ, журналист Ерқанат Көпжасар, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы және қазақ тілінің ұстазы Владислав Тен түсірілген бейнежазба әзірлеп қойдық. 

Алғашқы кезекте диктанттың толық мәтіні оқылады. Содан кейін барып диктант жазу үшін мәтін баяу оқылады. 

Мәтінді латын әріптерімен жазу керек пе, әлде кирилл қаріптерімен бе? 

Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшірілуі әлі толығымен аяқталып, жаңа қаріптердің әлі дайын болмауына байланысты диктант кирилл әріптерімен жазылады. 

Диктантқа қатысуға қанша уақыт кетеді? 

Біз сіздерге арнап 19 сөйлемдік мәтін құрастырдық. Диктантты жазуға және қатемен жұмыс жасауға жарты сағаттан көп уақыт кетпейді. 

Диктант жазып болған соң не істеймін?

Сіз мәтінді толығымен жазып болған соң, "Диктантты тексеруге жіберу" батырмасын басуыңыз қажет. Сіздің жіберген қателіктеріңіз асты сызылып көрсетіледі. 

Диктантты кім тексереді?

Мәтінді біздің жүйе автоматты түрде тексеріп береді. 

Смартфондардың ұтыс ойынына қалай қатысуға болады? 

Бес Huawei смартфоны диктантты ең үздік жазып шыққандардың арасында ойнатылады. Үздіктерге арнайы нөмір тағайындалып, кездейсоқ сандар генераторының көмегімен жеңімпаздар іріктеледі.  

Ескерту: біз смартфондарды тек жеке тұлғаңызды растаған жағдайда ғана жібереміз. Сол себепті өздеріңіздің шын аты-жөндеріңізді жазып, жұмыс істейтін электронды поштаңызды көрсеткен жөн. 

Диктантқа қатысқаныңыз туралы сертификатты қалай алуға болады? 

Сіздің жіберген қателеріңіз көрсетілген және баға қойылған атаулы сертификат тіркелгенде жазған e-mail-ге жіберіледі. 

Егер сіздің басқа да сұрақтарыңыз болса, жазба қалдыруыңызға болады. Біз міндетті түрде сізге жауап береміз. 

Барлықтарыңызды 15 желтоқсан күні Stan.kz сайтында күтеміз. Сауаттылығыңызды бізбен тексеріңіз!

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр