Қазақ тіліндегі онлайн-диктант қорытындысы: Су жаңа iPad Air сыйлықтары кімге бұйырды?
26 сәуірде елімізде үшінші рет ұйымдастырылған онлайн-диктант өтті, оған 800-ден аса қазақстандық қатысты. Олардың 300-ге жуығы диктантты 5-ке жазып шыққан. Stan.kz диктант қорытындылары мен ұтыс нәтижесін жариялайды.
Айта кетсек, биыл онлайн-диктанттың мәтінін этнограф Бибізия Кенжебекова жазды. Жазба жұмысының мәтінін актер, диктор Азамат Қанапия оқыды.
Онлайн-диктантты 285 қатысушы 5-ке жазып шықса, 72-сі жазба жұмысынан 4 деген баға алған.
Техникалық қателіктердің орнауына байланысты ұтыс барлық жақсы нәтиже көрсеткен қатысушылар арасында ойнатылды. Ұтыс жеңімпаздары кездейсоқ сандардың таңдау тәсілі арқылы іріктелді.
Басты сыйлық – үш iPad Air иелері:
Аяулым Успанова
Гульбану Бердикожаева
Амина Сатбаева
Ескерту: Смартфон жеңімпаздар тұлғаларын растаған жағдайда ғана жіберіледі.
Біз ана тілін дамытуға үлес қосқаны үшін жазба жұмысының әрбір қатысушысы мен жобаның серіктестеріне алғыс білдіреміз!
Алдағы уақытта өткізілетін онлайн-диктанттан қапы қалмайсыздар деген сенімдеміз!
Жобаның басты демеушісі –Jusan Bank. Диктанттың тақырыбы қазақтардағы қаржы жоралғыларының мәні туралы болды және жазба жұмысы Jusan Bank-тың туған күніне орай ұйымдастырылды.