Соңғы жаңалықтар

Қазақ тілін қорлаған "Арзан" дүкені қымбат шығын төлеуі мүмкін

Мемлекеттік тілді аяқасты етті деп сотқа тартылған «Арзан» супермаркетіне қатысты іс аяқталуға жақын, деп хабарлайды Stan.kz  ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап.

суд арзан

Бүгінгі соттың бұған дейінгі отырыстарына келмеген Алатау аудандық және Алматы қалалық тілдерді дамыту басқармасының өкілдері де қатысты. Олар бірде сауда орнына қатысты ескерту жасалды десе, енді бірде кімнің жасағанын білмей әбден шатасты. Ал жарыссөз кезінде «Арзан» өкілі заң бұзғанын мойындады, бірақ судьядан моральдық шығыннан босатуды сұрады.

«Арзан мыңдай адамды жұмыспен қамтып отырған әлеуметтік маңызы бар нысан, одан бөлек біз банкрот алдындағы компания ретінде сот шешімімен мемлекеттік төлемдерден босатылғанбыз. «Арзан» дүкені бағаларды қазақ тілінде жазылмағанын мойындайды, бірақ талап арыздың екінші бөлігі бойынша моральдық шығын төлеуге келіспейміз.»,- дейді «Арзан» супермаркетінің заңгері Анжела Әбдіжәлел.

Бұған дейін «Арзан» заңгерлері бұл жайт туралы бірде техникалық себептерге байланысты десе, енді бірде латын графикасына негізделген әліпби бекітілмеді деп ақтылғысы келген. Судьяға тауар бағалары мен сипаттарын қолмен жазып жатырмыз деп аянышты кейіп танытты. Ал, шағым иесі Қуат Ахметов «Арзаннан» 1 миллион теңге моральдық шығын талап еткен. Бүгінгі отырсқа келген әкімдік өкілдері сенімхатсыз келіп, өз ойларын айта алмады. Құжат мәселесінде ретсіздік барын байқаған шағым берген тарап әкімдік қызметкерлеріне қатысты жеке ұйғарым шығаруды сұрады. Олар жергілікті әкімдікті әрекетсіздік танытты деп кінәләйді. 

«Ұшы қиыры жоқ сиыр құйымшақтанып кеткен, сондықтан да бұл жерде мемлекеттік органдарының ішінің арасында өзара үйлеспеу әрекетінің және заңды міндеттерінің орындамауы, сондықтан да соттан біз сұрап тұрмыз, мемлекеттік органдарға да өзім жеке ұйғарым жіберіп, шара қолдануын сұрасын деп.»,- дейді адвокат Алмас Жұмағали. 

Бұған дейін мемлекеттік тілді «аяқ асты еткен» алматылық супермаркетке қатысты сот ісі басталғаны жайлы айтылған еді. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Алдағы күндері ауа райы күрт жылынады

Бұған қоса кейбір аймақтарға жауын-шашын түседі

АҚШ-қа оқуға қалай аттануға болады - мұхиттың арғы жағында оқып жүрген жерлесіміз кеңестерімен бөлісті

Кез келген қазақ қаласа, америкалық бола алады. Ал кез келген америкалық қазақ бола алмайды.

«Үш рет ажырассаң себеп сенде»: «Қазақтың Кардашьяны» үш күйеуі туралы айтып берді

Соңғы уақытта «Үш рет ажырассаң себеп сенде. Өзің кінәлісің» деп жазып жатыр

Жапониялық лайнерде болған қазақстандық 4 азамат карантинге жабылды

Нұр-Сұлтан қаласына Токиодан тағы 16 азамат ұшып келген

Қазақстан аймақтарындағы футболды қаржыландыруға кететін ақша кесілмек

Аймақтағы спортты дамытуға бөлінетін қаржының тең жартысы футболға жұмсалады екен

Қазақстанда заңсыз түрде гранатомет саудасымен айналысқан полицей сотталды

Аталған іске байланысты 10 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған

Шымкентте екі адам газдан уланып көз жұмды

Жазатайым оқиғаның себептері анықталып жатыр

Зайсандағы елдің дүрлігуі: Даниал Ахметов аудан басшысын ауыстырды

Ауданның жаңа басшысы ретінде Серік Зайнулдин тағайындалды

Тұрмысы төмен азаматтар АҚШ-қа кіргізілмейді: Америкалық грин-картқа байланысты заң өзгертілді

АҚШ үкіметі кедей азаматтарды елге кіргізу туралы ережені қиындатты

Қазақстанда 100 мыңға жуық компания үш жылға салық төлеуден босатылды

Мұндай жеңілдіктер арнайы салық режимінде жұмыс істейтін микро және шағын бизнес кәсіпкерлеріне беріледі
Çàãðóçêà...