Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақ тілі екеніне 100 пайыз сенімдімін": Желі қолданушылары латын қаріпінде жазылған жұмбақ хатты қызу талқылап жатыр

Қазнетте латын қарпіндегі хаттың фотосуреті қызу талқыланып жатыр. Болжам бойынша, хатты сарбаз 1945 жылы қазақ тілінде жазған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Facebook әлеуметтік желісінің қолданушысы Данияр Төребеков парақшасында фотосуретті жариялап, көпшіліктен жұмбақ хаттың құпиясын ашуды сұрады. 

"Бір ағылшын тілді топта жазылушы осы құжатты жариялап,  оның қандай тілде жазылғанын анықтауды сұрады. Шамасы, 1945 жылғы фронтта жазылған хат, бірақ қателесуім мүмкін. Мен бұл латын қарпімен жазылған қазақ тілі екеніне сенімдімін. "Ата анасын", "күнін" дегенді көрдім, хат авторының аты - Даулет екені анық", - деп жазды ол.

Данияр Төребеков қазақ тілі екенін жазғанда, топта қазақтарға көрсеткенін, олардың тілі емес екенін айтқанын мәлімдеген. Бірақ оны бұл мәлімдеме сендіре қоймаған.

"Алайда, менің жеке сөздік қорым сөзбе сөз анықтау үшін жеткіліксіз", - деп жаза отырып Данияр желі қолданушыларынан көмек сұрады.

Бұл ретте желі қолданушыларының көбі хаттың латын қарпімен жазылған қазақ тілі екеніне сенімді. Олар, тіпті, хатта не жазылғанын анықтап, сөздерді оқуға тырысты. Әрбір қолданушы өзінің түсінген сөзін пікірге жазып отырды.

Азамат Исмаилов есімді қолданушы хаттың қазақ тілінде жазылғанына сенімді екенін жеткізді. Сондай-ақ, ол хаттың жалпы мәнін жазды.

"Сөзбе сөз көп нәрсе түсініксіз, бірақ мағынасы пайда болады. Бұрынғы әскери тұтқын болуы мүмкін қазақ біраз уақыт Хаарлем маңындағы голландиялық Схаутенов  отбасына қонаққа келген. Ол онда 1945 жылдың 7-14 мамыр аралығында тұрып, иелерінің дәптеріне өзі туралы жазба қалдырды (демек, бұл жақсы қағаз). Ол иелеріне жақсылық тілейді, ал қызын қарындасы деп санайды", - деп жазды ол.

Дегенмен, желі қолданушыларды хатты қазіргі қаріпке аударуды тоқтатпады. Олардың әзірге түсінгендері бойынша мынадай жазба шықты:

"Spaarndammerpolder. Вилли Схаутен қызына мен Даулет Шамшиевтен ескерту.

Мен келдім бұның үйіне 7.5.1945 күні келдім. Содан бері тұз дәмдеспіз. Үй жайының жағдайыма қарауы сондайлық жақсы болды.

Бұның ата-анасын ата-анам деп санап, өзін сүйікті қарындасым деп санадым.

Жазушы Шамшиев Даулет".

Желі қолданушылар, хат авторының жазуы әдемі, бірақ түсініксіз екенін атап өтті.

Жұмбақтай болған хаттың сырын ашу үшін, оның қазақ тілінде жазылғанын дәлелдеу үшін қолданушылар ұқсас түрлі құжаттарды, фотосуреттерді жүктеді.

Айта кетерлігі, хатты қызу талқылаған көпшілік діттіген нәтижеге жеткен сынды. Олар хаттың шын мәнінде қандай қаріпте жазылғанын анықтағандай болды. Олардың болжамынша, аталған жазба "Яналиф" әліпбиі бойынша жазылған. Ол жаңа түркі әліпбиі болған - бүкіл түркі тілдерін латынға аудару жобасы аясында 1920 жылдардың соңында ұсынылған латыншаға негізделген бірыңғай әліпбиге көшіру жобасы. 

Бұдан басқа, желі қолданушыларын хаттың жоғары бөлігіндегі белгі қызықтырып қойды. Көбі оның гүлге ұқсайтынын жазды.

Кейбірі хат авторының туыстарын іздеп көруді ұсынды.

"Мүмкін, енді Шәмшиев Дәулеттің ұрпағын табармыз? Әрине, хаттың авторы үйге оралды ма, қайдан келді, туыстары тірі ме, жоқ па деген сұрақ туындайды. Мүмкін, оның туыстарынан біреу жауап береді?", -деп жазды желі қолданушылары.

Талқылау