Қазақ-қырғыз шекарасындағы 8 шақырымға созылған кептеліс әуеден видеоға түсірілді (видео)
Қырғызстан тарапындағы сегіз шақырымға созылған автокөліктер тізбегі әуеден түсірілген.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазады.
Қазақ-қырғыз шекарасындағы ұзын-сонар кезек 10 қазаннан басталған. Кейін Қазақстан көрші елден тасымалданатын өнімдерге қатысты ветеринарлық бақылауды күшейтті. Сонымен қатар, фитосанитарлық нормаларды бұзды деп, Қырғызстаннан бері әкелінетін бес бірдей сүт өңдеу зауытының өнімдеріне шектеу қойды. Сонымен қатар, каратиндік залал тигізеді деген себеппен тонна-тонна жеміс-жидек өнімдерін де қатаң тексере бастаған.
18 қазан күні Қырғызстан премьер-министрі Сапар Исаков Астанаға жұмыс сапарымен келіп, үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевпен кездесіп, қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды реттеуге қатысты келісімге келді.
Тараптар 19 қазан 00:00-ден бастап екі ел арасындағы мемлекеттік шекарада тәртіп орнатуға да өзара келісімге келді. Ол мынадай тұлғаларға әсер етеді:
Жеке жүгі бар физикалық тұлғалар;
Тұрақты жолаушы тасымалын жүзеге асыратын автотранспорт;
Жеңіл автокөліктер;
Бос жүк көліктері.
Тағы да оқыңыз:
Ақтөбелік жігіт жат ағымның жетегіне қалай түскенін айтып берді
Ақтөбелік дәрігерлер сал болып қалған баланың ата-анасынан 4,5 миллион теңге өндіріп алмақ
Астана тұрғыны жанжалдасқан адамның көзіне қайшы тығып, ағызып жіберді