Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ футболы Өзбекстаннан қалып қойды — Өзбек басылымы

Фото:Sportarena.kz

Қазақстан жастар құрамасы Өзбекстаннан жеңілген соң, өзбекстандық сарапшылар қазақ футболы өзбек футболынан артта қалып қойғанын айтып жатыр. Бұл туралы Stan.kz  ақпарат агенттігі upl.uz/sport сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жақында Қазақстанның жастар құрамасы Өзбекстан жастар құрамасымен екі жолдастық кездесу өткізіп, екі ойында да жеңіліп қалды. Алғашқы матч 1:0 есебімен, екіншісі 3:1 нәтижесімен өзбекстандық футболшылардың пайдасына аяқталған еді.

Осыдан кейін өзбек басылымдары Өзбекстанның әлем чемпионатына жолдама алып, ал Қазақстанның іріктеуден өте алмағанын алға тарта отырып, қазақ футболы өзбек футболынан қалып қойды деген тұжырым жасады.

“Жастар арасындағы екі кездесуде Өзбекстан Қазақстаннан толық басымдық танытты. Өзбекстанның әлем чемпионатына жолдама алғанын және Қазақстанның іріктеуден өте алмағанын ескерсек, қазақ футболы Өзбекстаннан қалып қойды деген қорытынды жасауға болады”, – деп жазылған  Upl.uz сайтында.

Айта кетейік, күні кеше ғана Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Денис Маманов өзбекстанмен өткен екі ойыннан кейін матчты қорытындылап, өз еркімен аға бапкерлік қызметтен кететінін мәлімдеді.

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 16 Қазан, 2025 14:38
Талқылау