Қазақ дәстүрі бойынша жасы кіші өзінен үлкендермен қалай амандасуы керек? Байқаудың дұрыс жауаптары
28 наурызда Huawei және Stan.kz Наурыз мерекесіне орай оқырмандарымыздың ұлттық мәдениет пен әдет-ғұрыпты қаншалықты білетінін анықтау үшін байқау ұйымдастырды. Stan.kz қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрі жайлы сұрақтардың жауабын ұсынады.
Төменде қазақ мәдениеті мен дәстүрі бойынша ұсынылған бес сұрақтың жауабы мен түсіндірмесі ұсынылады.
1. Сырт киімді қазақ қай кезде аударып/теріс киген?
Жауабы: Аңға шығарда, тасаттық бергенде.
Қалыптан тыс жағдайда, керісінше істеу мәнінде.
2. Ежелде қазақта қысқа уақыт ішінде бірнеше қызын ұзатып, тіпті бірнеше келінді де қатар түсіретін жағдайлар кездескен. Осындайда бірінші ұзатылған қызды есіктен шығарса, оның артынан ерген сіңлісін терезеден шығарған. Келінді үйге түсіргенде де осы әдісті қолданған. Бұл ғұрыптың мәні неде?
Жауабы: Біреу өткен жолдан екінші адамды жүргізбеу, тіл-көзден сақтану.
3. "Шамшырағым" ұғымының мағынасы нені білдіреді?
Жауабы: Марқұмның артында қалған ұрпағының шырақ жағуын білдіреді. Демек әке жолын жалғастыру.
4. Екі жұптың некесі қыз елінде қиыла ма әлде ер адам елінде ме?
Жауабы: Шекарадан өткен соң қыз келін атанады, сондықтан неке қыз жақта қиылады.
5. Қазақ дәстүрі бойынша жасы кіші үлкендермен қалай амандасу керек?
Жауабы: Оң қолын жүрек тұсына апарып, “Ассалаумағалейкум” деп айтады.
Stan.kz байқауға қатысқан барша оқырмандарына алғыс айтады!
P. S. Сұрақтарды дайындауға көмектескені үшін біз этнограф, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Досымбек Қатыранұлына шын жүректен алғыс айтамыз.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
