“Қазақ аруы-2012” арманындағы үйін салғанын айтып сүйінші сұрады
«Қазақ аруы- 2012» байқауының жеңімпазы Айғаным Өтепбергенова арманындағы үйін салғанын айтып сүйінші сұрады.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Бойжеткен «Қазақ аруы» байқауының шарты бойынша Баян Есентаеваның жобаларының біріне айналуы тиіс еді. Алайда ол өз бетімен жетістікке жетуді жөн көрген сыңайлы. Өзінің би тобын құрып, оны әлемге танытты. Бірнеше сағат бұрын Айғаным Өтепбергенова арманындағы үйін салғанын айтып сүйінші сұрады.
«Құрылыс жұмыстары ұзаққа созылды. Ақыры үйімізді салып болдық! Қоныс тойымыз құтты болсын! Енді біздің өз үйіміз бар. Әлхамдуллиләх! Қаншалықты бақытты екенімді сөзбен жеткізу мүмкін емес!» – дейді Айғаным ханым.
Желідегілер де оны құттықауға асықты. «Құтты болсын! Қуаныш пен бала күлкісіне толсын», «Құттықтаймыз! Ішінде жүгіріп жүретін сәбилер көп болсын!», «Алтын қыз, сен үшін қуаныштымын! Еңбектің жемісін көру деген осы шығар?! Іші сәбилердің шулаған үніне толсын» деп жазады олар.
Жіберіп алмаңыз:
Бурак Өзчивит “Өшпес махаббат” телехикаясының 8 бөлімі қалғанын айтты