Қазақ әншісінің суреті Нью-Йорктың танымал журналына басылып шықты (фото)
«Асыл» тобының әншісі Ақерке Бүркітбайдың сұлулығы американдықтарды тәнті етті. Қазақ қызының сұхбаты әрі сұлулығын паш ететін бірнеше суреті Нью-Йорктің танымал журналына басылып шықты, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұл туралы Ақеркенің өзі желідегі парақшасында жазды.
Осыдан бірнеше ай бұрын әнші американдықтардан ұсыныс түскенін айтқан болатын. Ақерке олардың ұсынысын қабылдады. Сөйтіп Нью-Йоркте басылып шығатын “Billie Blunt Magazine” журналында қазақ қызының сұхбаты әрі бірнеше суреті жарияланды.
«Достар! Біраз уақыт алдын бөліскен қуанышты жаңалығымның нәтижесі бүгін жарық көрді! Қуанышымда шек жоқ! Мені қолдаған жандарға шексіз алғыс айтқым келеді! Сіздердің қолдауларыңызсыз бұл мүмкін емес еді! Раxмет сіздерге!» – деп жазды Ақерке желідегі парақшасында.
Әнші американдық журналистерге сұхбат беріп, өзі және Қазақстан елі туралы әңгімелеп берген. Ақерке Бүркітбай модельдік кәсіпті әншілікпен қатар алып жүргісі келетінін жасырмады.
Жіберіп алмаңыз:
Ләйлә Сұлтанқызы келесі кітабын «Әйел бақыты» деп атамақ
Арман Ашаның туған күніне оның бойымен бірдей раушан гүлдерін сыйлады (фото)
Қайрат Нұртас концертінде Бекболат Тілеуханмен бірге ән салды (видео)
Меруерт Түсіпбаева: Сүйіп қалсам жасы 70-те болса да маңызды емес