Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ әншісі 1 теңгені менсінбеген қазақ әйелін ұялтып тастады

Қазақтың дәстүрлі әншісі Ерлан Рысқали 1 теңгені менсінбеген қазақ әйел мен оның қызына тиынның қадірін түсіндіріп берді.

maxresdefault

Бұл туралы әншінің өзі желідегі парақшасында жазды.

Дүкеннен шығып келе жатыр ем. Есік қарсы алдымда бір қазақ келіншек 4-5 жасар баласымен сөйлесіп тұр. – Пойдем давай.

– Мамочка это же 1 теңге.

– Да, да.

Ой, кому оно нужно?! деп бір теңгені бір тепті. Өздері ары қарай жүре берді. Ал, теңге менің аяғыма түсті. Мен “тоқтаңыздар, ақшаларыңыз түсіп қалды” деп айқай салдым. Олар кілт тоқтады. Мен күліп ана кішкентай ханшайымға “ой, ботақан. Это же твои деньги” деп айттым. Ол “да, знаю. Но оно мне не нужен” деді. “Ты по казахский понимаешь,” дедім. “Да, я казашка. Понимаю,” деді.

20292843_1907324102815463_1606024410590512969_n

Сосын мен көсілдім. Бірінші шешесіне қарап, “мен сізден кешірім сұраймын. Балаңызға бір дүние айтайын деп едім, маған рұқсат етіңізші. Тағыда сізден кешірім сұраймын және балаңызға балмұздақ жеуге болады ғой?” дедім. “Ол, иә,” деді.

Мен балаға қарап былай дедім. “Бұл бір теңге. Бұл жалғыз болса ол ешкімге керек емес. Ал, егер осыған бірнеше теңге қоссаң саған балмұздақ алуға болады. Және бұл бір теңгеде сенің, менің, сенің мамаңның туған елі-жерінің, мемлекетіміздің елдігін көрсететін “ел таңба” деген құжаты бар. Ол саған да, мамаңа да, маған да, жалпы барлық қазаққа ең құнды дүние. Егер сенің атың жазылған нәрсені мен келіп бір теуіп тастай салсам, сосын оны барлық адамдар таптап жүрсе сол, саған ұнайды ма?! Деп едім. Ол “жоқ” деді. Көрдің бе, ұнамайды. Ал енді жүр, мен саған бір теңгеге көөөп теңге қосылғанда балмұздақ алуға болатынын көрсетейін.” Деп дүкенге қайта кіріп өзі ұнатқан балмұздағын алып, кассаға барып “мына бір теңгенің үстіне қанша қосуым керек?” деп сұрап айтқан соманы қосып алып бердім де, “көрдің бе, сен тастаған бір теңгеге балмұздақ алдық.

Енді ешқашан ақшаны теппе, тастама. Жина. Теңге тиыннан құралады деген. Және де теңгеде сенің туған отаның Қазақстанның аты жазылып, елтаңбасы бейнеленген. Оны өзің аяқасты етпе, теппе. Және өзгеге де тепкізбе. Жарайды ма?! ” деп күліп ем, ол “жарайды” деді. Осы әңгімені үндемей қарап тұрған мамасы (сары келіншек) беті қызарып, ұялып, “рақмет аға, сауболыңыз” деді. Мен де “балаңызға түсіндіруге, балмұздақ алып беруге рұқсат берген сізге мың рақмет” дедім де өз жөніммен кете бердім”, – деп жазады әнші. 

Тағы да оқыңыз:

Құлағы кіші жігіттер “жүргіш” келеді: Келіншек қыздарға күйеуді қалай таңдау керектігін айтты

Астана супермаркетінде жұмысшы әйел қамырды кір қолымен иледі (видео)

Балгер 3 жасар қыздың ішіне 7 инені сұғып жіберген (фото)

Талқылау