Қаза тауып, жарақат алғандар бар: Қарағандыда 6 көлік соқтығысты
Қарағанды қаласында 6 көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметі бойынша, 2 қыркүйекте сағат 14:15 шамасында Қарағанды қаласының Аманжолов көшесінде 6 автокөлік бір-біріне соғылған.
Қазақстанда жол апатына қатысты сот шешімін жасанды интелект шығаратын болады
Жол-көлік оқиғасының салдарынан сол жерде бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға жеткізілді.
"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, осыған дейін Ақтөбе облысында жол апатынан бір отбасы көз жұмғанын жазғанбыз.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"