"Қайтыс болған күні деп ойладым": Желіде жаңа туған нәрестенің есімі жазылған шар қызу талқыға түсті
Фото: Видеодан скриншот
Әлеуметтік желіде жаңа туған нәрестенің есімі жазылған шар қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан баланың аты "Умер" деп жазылғанын және оның 10.05.2025 жылы дүниеге келгенін байқауға болады. Көпшілік бұл суретті көріп қорқып кеткенін жазып жатыр.
“Дұрыс ат қойыңдаршы”, “Туды ма өзі”, “Шошып кеттім ғой”, “Өмір немесе Омар шығар”, “Uber деп қоймаған екен”, “Ең болмаса “Омир” деп жазбай ма?” “Қайтыс болған күні деп ойладым”, – деп жазды көпшілік.
-
Мұхаммед пен Медина: Қазақтар балаларға қазақша есім беруді азайтып, арабша көбірек қоя бастады
-
"Путин мен Байден": Елімізде жаңа туған сәбилерге Қазақстан және өзге ел президенттерінің есімі жиі қойылып жүр
Еске салайық, Әділет министрлігі қазақстандықтарға балаға қандай есімдер беруге болмайтынын айтқан еді.
Кейінгі уақытта Қазақстанда аты-жөнін өзгерткісі келетіндер көбейген. Есім беруге қатысты әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли бірқатар кеңес айтты.
Талғат Уәли атап өткендей, статистика бойынша Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 12 мың адам тегін, атын және әкесінің атын өзгертеді. Есім өзгертуге заң жүзінде шектеу қойылмаған.
"-ов", "-ев", "-вич", "-вна" жалғауларын алып тастап, "-ұлы", "-қызы" және т.б. жалғауларды жалғауға заң жүзінде тыйым салынбаған. Бірақ оның өз талаптары бар. Егер адамның аты-жөнінде әдепсіз сөздер болса, есімін өзгертуге құқығы бар. Ол үшін тиісті мемлекеттік органға өтініш беру керек. Қазақстанда тыйым салынған есімдердің тізімі жоқ. Бұған ата-аналар жауапты. Кейбір жағдайда ХҚКО қызметкерлері ата-аналарға мұндай есім бермеуді ұсынуы мүмкін. Балаларға қос есім қоюға да болады. Есімдер екі сөзден тұрса және дефис арқылы жазылса да болады. Алайда есім екі сөзден артық болмауы керек. Бұл басты талап", – деп жауап берді Талғат Уәли.

Жамбыл облысында ерлі-зайыптылар өз достарының 15 жастағы қызын зорлады деп айыпталды
