Қайтарылған активтерді басқару компаниясы аукционда Алматыдағы бизнес орталықты 6,3 млрд теңгеге сатты
Электронды сауда алаңында қайтарылған активтерді басқаратын компанияның Алматыдағы бизнес орталықты аукцион арқылы 6,3 миллиард теңгеге сатқаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Электрондық сауда алаңы
Аукцион 24 қазан күні өткен. Құрылысы аяқталмаған “Орион” бизнес орталығы бар 0,6 гектар жер телімі 6 278 384 321 теңгеге сатылды.
Нысан Алматыдағы Жамақаев көшесінде орналасқан.
Қазақстандағы қайтарылған активтерді басқаратын компания мемлекетке қайтарылған немесе сот процесінде тыйым салынған активтерді басқарумен және сатумен айналысады. Мысалы, сыбайлас жемқорлыққа немесе алаяқтыққа байланысты қылмыстық істердің нәтижесінде азаматтардың мүлкі тәркіленуі мүмкін.
Бұған дейін 2023 жылы 26 қыркүйекте елімізде қайтарылған активтерді басқаратын компания құрылғаны туралы жазған едік.
"Төрт жыл бұрын Қазақстан азаматтығын алған": Сарапшы Шарлапаевтың "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына тағайындалуын сынға алды
Экономист мұны "бір баррикададан екіншісіне өту" деп бағалайды
Еңбек кітапшасын жоғалтып алған: Танымал продюсер зейнетке шыға алмай жүргенін айтып берді
Оның айтуынша, азаматтарды бір мекемеден екіншісіне жіберіп, дөрекі сөйлейтін жағдайлар жиі кездескен