"Қайраттың" жұлдызды қақпашысы жаңа клубтан шақырту алды
Фото:”Қайрат” фк
Алматылық "Қайрат" футбол клубының 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмырзаға "Тараз" клубы қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы клубтың жаңа директоры Дидар Сыдықбек мәлімдеді.
Оның айтуынша, алдағы уақытта "Қайрат" клубына ресми ұсыныс жолданады.
"Біз Шерхан Қалмырзаға қызығушылық танытып отырмыз. Ертең ұсыныс жасап, келіссөздерді бастаймыз. Ол – Жамбыл облысының тумасы", – деп жазды Дидар Сыдықбек өзінің Telegram-арнасында.
Айта кетейік, Шерхан Қалмұрза Темірлан Анарбеков жарақат алған соң Чемпиондар лигасында "Спортингке" қарсы ойында қақпаға тұрып, 11 метрлік айып соққыны сәтті қайтарды. Осылайша ол турнир тарихында он сегіз жасқа жетпей-ақ пенальти қайтарған ең жас голкипер ретінде Чемпиондар лигасының жылнамасына енді.
Сонымен қатар “Қайрат” атақты Мадридтің “Реалына” қарсы матчта дәл осы Шерхан қақпаға тұрды. Ол ойын барысында қақпаға 5 гол өткізіп алғанына қарамастан жанкүйерлердің көзайымына айналды.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған

