"Қайраттың” жас футболшысына Еуропалық клубтар қызығушылық танытуда
Фото:Спортшының жеке парақшасынан
Алматылық “Қайрат” футбол клубының жас шабуылшысы Азамат Тұяқбаевқа Еуропаның бірқатар клубтары назар аударып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дереккөздің мәліметінше, 18 жастағы футболшыға Англия мен Испаниядан бірнеше команда мен агенттер қызығушылық танытқан. Бұған дейін Тұяқбаев “Ковентри Сити” клубының скауттарының назарына іліккен еді.
Алайда кейбір сарапшылар мен скауттар жас ойыншыға әлі шетелдік клубтарға ауысуға ертерек екенін айтуда.
“Азаматқа бірден Чемпионшип деңгейінде ойнау оңай болмайды. Дегенмен ол болашағынан зор үміт күттіретін футболшы. Ең бастысы – физикалық дайындығын жетілдіруі қажет”, — дейді англиялық скауттардың бірі.
Сонымен қатар испаниялық бірнеше клубтың да Тұяқбаевпен байланыс орнатқаны жөнінде ақпарат бар. Дегенмен жас футболшының өзі әзірге “Қайрат” сапында қалып, тәжірибе жинауды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар Азамат Тұяқбаев жуырда “Қайраттың” “Пафосқа” қарсы ойынында алаңға шығып, Чемпиондар лигасындағы алғашқы дебютін жасады.Айта кетейік, биылғы маусымда Тұяқбаев қосалқы құрамда алаңға шығып, барлық турнирлерде 28 матч өткізіп, 17 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген
ТЭЦ-тің газға ауысуы Алматыдағы лас ауа проблемасын шеше ала ма: Сарапшылар мегаполистегі қалың тұмша неден түзілетінін талдап берді

