Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қайраттың” темір қақпашысы Темірлан Анарбековке Еуропалық клубтар қызығушылық танытуда

Фото:”Қайрат” фк

Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасында тағы да көзге түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматылық “Қайрат” футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасындағы кезекті ойында тағы да жарқын ойын өрнегін көрсетті.

Миланның “Интеріне” қарсы өткен тартысты матчта Анарбеков 6 сейв жасап, матчтың үздік ойыншысы атанды.

Kazfootball.kz порталының хабарлауынша, қазақстандық қақпашыға енді Софияның ЦСКА клубы қызығушылық танытып отыр.

Айта кетейік, “Қайрат” құрамасы азулы “Интермен ойында терезесі тең деңгейде ойнады. Тартысқа толы бәсекеде алғашқы таймда Интер есеп ашты. Дегенмен 55-минутта алматылықтардың сапынан Офри Арад “Интердің” қақпасынан саңылау тауып, таразы басын теңестірді. Ойынның шешуші сәтінде Карлос Аугусто құрамасын алға шығарып, ойынның тағдырын Интердің пайдасына жазды.

Еске салайық, Темірлан Анарбеков “Қайраттың” негізгі қақпашысы Александр Заруцкий “Селтикке” қарсы сырт алаңдағы ойында жарақат алғаннан кейін оның орнын басқан еді. Осы мүмкіндікті тиімді пайдаланған жас қақпашы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде “Селтикпен” өткен үйдегі матчта пенальти сериясында допты сәтті қайтарып, “Қайратқа” тарихи жеңіс сыйлаған.

Қазіргі таңда алматылық клуб Чемпиондар лигасында бір ұпаймен 34-орынға жайғасты.

 

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 06 Қараша, 2025 14:20
Талқылау