“Қайраттың” негізгі қақпашысы Александр Заруцкий құрама сапына оралды
Фото:”Қайрат” фк
Алматылық "Қайрат" футбол клубының негізгі қақпашысы Александр Заруцкий жарақатынан айығып, команданың сапына қайта қосылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл мәліметті клубтың баспасөз қызметі ресми Instagram парақшасында хабарлады.
"Жаттығу алаңына оралуыңмен!" — деп жазды “Қайрат” футбол клубы.
Айта кетейік, Александар Заруцкий “Қайраттың” сырт алаңда “Селтикке” қарсы ойынында ауыр жарақат алып, ойыннан тыс қалған еді. Осыдан кейін “Селтикпен” үйде өткен ойында оның орнына Темірлан Анарбеков шықты.
Александр Заруцкий Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде өте жоғарғы деңгейде өнер көрсеткен қақпашы. Ол іріктеу кезеңінде “Қайраттың” қақпасын бірнеше голдан аман сақтап, тіпті пенальти серияларында да допты сәтті қайтарған. Сондай-ақ ол “Қайраттың “ Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығуына да зор септігін тигізген.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

