“Қайраттың” Чемпиондар лигасындағы қыстағы ойындары Астанада өте ме — Қайрат Боранбаев жауап берді

Фото:Get images
Алматылық “Қайрат” футбол клубының Чемпиондар лигасындағы қыстағы ойындары Астанада өтуі мүмкін. Бұл туралы клубтың төрағасы Қайрат Боранбаев Nursultan Qurman YouTube арнасына берген сұхбатында айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дегенмен Боранбаевтың айтуынша барлығы тікелей ауа райына байланысты.
“Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіңде 9 желтоқсан күні "Олимпиакос" және 2026 жылы 20 қаңтар күні "Брюггені" өз алаңымызда қабылдаймыз. Осы орайда ауа райы суық болуы мүмкін. Жанкүйерлерімізді ойлай келе, біз "Astana Arena" стадионымен сөйлесіп, келістік. 9 желтоқсан және 20 қаңтар күні ешқандай шара өтпейді екен. UEFA регламентіне сай матчқа бір ай қалғанға дейін қарсыласымызды ескертуге тиіспіз. Алайда барлығы ауа-райына тікелей қатысты болмақ. Егер ауа-райы жылы болса, ойынымызды Алматыда өткіземіз", – деді Қайрат Боранбаев.
Айта кетейік, “Қайрат” клубы Чемпиондар лигасында үш ойын өткізіп, бір ғана ұпайға ие болды. Бұған дейін команда "Спортингке" (1:4) және "Реалға" (0:5) жол беріп, "Пафоспен" (0:0) тең түскен еді. Енді Алматылық клуб 6 қарашада Миланға қарсы матч өткізеді. Интермен” өтетін бұл ойын “Қайрат” үшін топтық кезеңдегі шешуші матчтардың бірі болмақ. Егер алматылық команда жеңіске жетсе, плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігін сақтап қалады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік

