“Қайрат” пен “Копенгаген” арасындағы матч: Дастан Сәтпаев бастаған футболшылар Данияға жол жартты

Алматылық “Қайрат” футбол клубы Данияға аттанды. Чемпиондар лигасының кезекті турында “Қайрат” 27 қараша күні “Копенгагенге” қарсы матч өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қос ел арасындағы арақашықтық 6422 шақырым екенін ескерсек бұл “Қайрат” футболшылары үшін оңай сапар болмасы анық.
Айта кетейік, Чемпиондар лигасының кестесінде “Қайрат” 1 ұпаймен 34-орында тұр. Жарыстың жалпы кезеңінде 36 команда қатысатынын ескерсек, бұл – ең төменгі нәтижелердің бірі.
Бұған дейін Уразбахтиннің шәкірттері өз алаңында “Реалдан” 5:0 есебімен ойсырай ұтылып, “Пафоспен” 0:0 тең түскен еді. Ал “Қайрат” сырт алаңда “Интерден” 2:1 есебімен жеңіліп қалды. “Копенгаген” болса турнир кестесінде 33-орынға жайғасқан. Сондықтан бұл матч қос команда үшін маңызды ойын болмақ.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан

