Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қайрат" пен "Динамо" футболшылары ойын алаңында төбелес шығарды (видео)

Түркияда өтіп жатқан футбол ойыны кезінде қазақстандық "Қайрат" пен мәскеулік "Динамо" арасында жаппай жаға жыртыс орын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап. 

Оқыс оқиға сайыстың 79-шы минутында болған. Ресейлік құраманың қорғаушысы Сергей Паршиволок 18 жастағы Руслан Жарлаев есімді "Қайрат" футболшысына тап беріпті. Екеуінің арасында текетірес пайда болып, ойын алаңына "Динамоның" жанкүйерлері, қосымша ойыншылары мен жаттығу штабының өкілдері шығып кеткен. 

Нәтижесінде Жарлаев, Паршивлюк және қазақстандық клубтың қақпашысы Стас Покатиловқа ескерту жасалып, "Динамо" қорғаушысы Тони Шунич ойын алаңынан қуылған. Шунич өзінің досы үшін кек алмақ болыпты. 

Ойын 1:1 есебімен аяқталған. Жарыстың 57 минутында қазақстандық футболшы Данияр Үсенов қз тобына бір ұпай алып келсе, 72 минутта "Динамо" ойыншысы Сильвестер Игбун есепті теңестіріпті. 

 

Талқылау